«СRJ-200» жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына техникалық ақау себеп болған

204
Жолаушылар ұшағының апаты қазақ елінің қабырғасын қайыстырды
Жолаушылар ұшағының апаты қазақ елінің қабырғасын майыстырды
Жолаушылар ұшағының апаты қазақ елінің қабырғасын майыстырды

«СRJ-200» ұшағының апатқа ұшырауына әуе кемесінің техникалық ақауы себеп болған. «Қара жәшікте» қалған жазбаны оқып шыққан Ресей мамандары осындай қорытынды келтіріп отыр.

Көкшетау-Алматы бағытында қатынаған Скат компаниясына тиесілі ұшақ 29-шы қаңтарда Алматы шетіндегі Қызылту ауылы маңына құлаған-ды. Бортында 5 экипаж мүшесін қосқанда 21 адам болған. Оқиға орнынан табылған «қара жәшік» бірден Ресейлік мамандардың тексеруіне жіберілген. Көлік прокуратурасы да қосымша тексеру жүргізіп, «апатқа адами фактор мен техникалық ақау себеп болуы мүмкін» деген алдын-ала қорытынды да шығарған еді.

Енді бұл айтылғанды шетелдік сарапшылар да растағандай. Қазір жазбаның көшірмесі апаттың себебін анықтау мақсатында құрылған комиссияға өткізілуде.