Жамбылда қаза болғандардың үшеуі де оңтүстіктен

226
Екі қабатты жолаушылар автобусы грейдерге соқтығысқан
Екі қабатты жолаушылар автобусы грейдерге соқтығысқан
Екі қабатты жолаушылар автобусы грейдерге соқтығысқан

Жамбыл облысында автобустардың соқтығысуы салдарынан қаза болғандардың аты-жөні анықталды. Еске сала кетсек, 24 ақпанда Шымкенттен Бішкекке және Алматыға жолға шыққан қос бірдей қоғамдық көлік автогрейдермен соқтығысып 3 жолаушы мерт болған болатын.

Олардың барлығы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болып шықты. 1994 жылы туған қыз Шардара ауданы, ал 85-ші жылғы жігіт Түркістан қаласынан екен. Әлі 27 жасқа толмаған жігіт Еңбекші ауылынан сапарға аттанған екен.

Тіпті автобустарды басқарған жүргізушілер де Оңтүстіктен. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, ешқайда шықпау туралы қолхатпен үйлеріне жіберілді.

Бұл оқиғада Грейдер жүргізушісінің кінәсіздігі анықталған. Қазір ол Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасында емделіп жатыр.