Úı Jańalyqtar Қайрат Түнтеков бостандыққа шықты

Қайрат Түнтеков бостандыққа шықты

Қайрат Түнтековті бірқатар қазақ эстрадасының әншілері қолдамақ болған

 

Қайрат Түнтековті бірқатар қазақ эстрадасының әншілері қолдамақ болған
Қайрат Түнтековті бірқатар қазақ эстрадасының әншілері қолдамақ болған

Жас әнші 40 тәуліктік әкімшілік қамаудан босатылды. естеріңізде болса ол 28 желтоқсан күні жол-көлік оқиғасына себепші болып, уақытша қамау изоляторына жабылған болатын.

Хаттама толтыру кезінде әншінің қолында не жүргізуші куәлігі, не сенімхат болмағаны анықталған.

Айта өтейік, қазақстандық әншілер Қайратты қолдау мақсатында арнайы концерт ұйымдастырып, концерттен жиналған ақшаны қамаудағы әншіге ұсынған болатын.

Түнтеков одан бас тартып, қаржыны апластикалық қаны аздық ауруымен ауыратын 10 жасар Темірлан Бейсенбековті емдеуге берді.