Имамдар да аттестаттаудан өтіп жатыр

2 күнге созылатын шарада мамандар имам-молдалардың біліктілігі мен бұқарамен жұмыс жасау қатынасын тексереміз дейді
2 күнге созылатын шарада мамандар имам-молдалардың біліктілігі мен бұқарамен жұмыс жасау қатынасын тексереміз дейді
2 күнге созылатын шарада мамандар имам-молдалардың біліктілігі мен бұқарамен жұмыс жасау қатынасын тексереміз дейді

Имам-молдаларды да аттестациядан өткереміз. Шымкентте бүгіннен бастап дін өкілдерін жаппай аттестаттау басталды. 2 күнге созылатын шарада мамандар имам-молдалардың біліктілігі мен бұқарамен жұмыс жасау қатынасын тексереміз дейді. Діни басқарманың жарлығы бойынша жасалып жатқан іске қалалық мешіттердің бас имамдары қатысып жатыр.

Имамдарға қойылатын сұрақтар қиын емес. Исламдағы негізгі сауалдарға жауап берсе болғаны, дін өкілдері аттестаттаудан қиналмай ақ өтеді. Соның нәтижесінде, имамдардың білімі байқалып, орта білімділері жетілдірілуге жіберіледі.

Аттестаттауда дін өкілдерінің психологиялық жағдайлары да сараланбақ. Имам – бұл түрлі дәрежедегі жамағатпен тілдесіп, рухани көмегін беріп, сара жолға салатын тұлға. Сондықтан, дін өкілі қоғамды қаптап кеткен діни ағымдарға да қарсы тұра алатын, жігері мықты жан болуы тиіс. Ал бұл сынақтан өте алмағандардың жағдайы нешік?

Серікбай ОРАЗ, ҚМДБ наиб-мүфтиі: «Мақсат – бір адамдарды жұмысынан алып, екінші жерге қою деген емес. Біздің елімізге дін саласындағы мамандар ауадай қажет. Соның ішінде орта білімді азаматтар жоғары білімді азматтармен алмастырылып жатыр. Бұл аттестацияның астарында ештеңе жоқ. Бәрің өте алмай қалдың. Басқа жұмысқа барасың деген нәрсе емес».

Ертеңге дейін жалғасатын шараға әзірге тек қала мешіттерінің бас имамдары қатысып жатыр. Аттестаттау мұнан аудан, ауылдарға жетеді. Айта өтейік, облыс бойынша 800-ден аса мешіт, намазханалар бар. Оның 42 мешіті Шымкент қаласына тиесілі.

Айта өтейік, бүгінгі аттестаттау таяуда ғана жасөспірімді зорлады деген күдікпен ұсталған имамға мүлдем қатысы жоқ. Діни басқармадан келген Серікбай Ораз осылай деп мәлімдеді. Аттестацияның біздің өңірде тұңғыш болып бастау алуына республикадағы мешіт-имамдардың 30 пайызы Оңтүстіктен екендігі себеп болған. Еске сала өтейік, ақпан айының соңында 12 жасар жасөспірімді зорлады деген күдікпен Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылына қарасты Насруллаһ мешітінің имамы ұсталған болатын. Қазіргі таңда дін өкілімен тергеу жұмыстары жүргізілуде. Мешіт молдасының айыбы 26 наурызға дейін анықталса, ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=XWnee37a-ck[/youtube]