«Климакстың» кілтипаны көп

Климакс – ауру емес. Бұл әйелдің ерекше жағдайы, бойында кездесетін жаңа кезең
Климакс – ауру емес. Бұл әйелдің ерекше жағдайы, бойында кездесетін жаңа кезең
Климакс – ауру емес. Бұл әйелдің ерекше жағдайы, бойында кездесетін жаңа кезең

«Басым жиі ауырады, бір ысынып, бір суынам, мазам жоқ, тершең боп кеттім». Дәл осылай шағым айтатын әйелдердің басым көпшілігі қырықтың ішіндегі келіншектер. Бұл жастағы әйелдің ағзасында көп өзгеріс орын алады. Тіпті, психологиялық тұрғыдан да мазасызданып, жүдеп кетеді. Бұл ахуалдың негізгі себебі климакс. Қазақшаласақ, етеккірдің тоқтауы.

Климакс кезеңі әр әйелде әрқалай өтеді. Біреулер қатты күйзеліске түсіп, жүдеп кетсе, енді біреуде қалшылдап жаурау немесе күйдіріп-жандырған ыстық, шаршаңқылық байқалады. Осының салдарынан әйелдің жүйке жүйесі де босаңсып, не болса соған өкпешіл, жәй ғана нәрсеге бола бұлқан-талқан ашуланғыш болып кетеді. Оны сондай-ақ тершеңдік те мезі етіп жібереді. Мұндай жағдайлар, әрине, өз ағзасында болып жатқандықтан, әйелдердің көңіл күйі де құбылмалы болып келеді. 40-тан асқан әйелдің етеккірі қалыпты ережеден өзгеріп жатса, климакстың алғашқы белгісі осы. Бұл кезде етеккірдің келуі сирейді. Ай сайынғы ереже өзгеріп, 2-4 айда бір келетін болады. Бұл кезең пайда болғаннан бастап, бірнеше жыл жалғасуы мүмкін. Етеккірдің мүлдем тоқтауы – менпауза. Мұндай кезеңде міндетті түрде гинекологқа барып емделу керек. Мән бермеген жағдайда созылмалы дерттің сан түрі бас көтереді. Себебі ағзада гармондық өзгеріс болып жатыр. Осы күнге дейін аналық безінің дұрыс жұмыс жасауын қалыпта ұстап келген гармондар азайып, жұмысы әлсірей түседі. Бұл ағзадағы сүйектің, жүрек пен бүйректің де жұмысын әлсіретеді. Осыны ескеріп, дер кезінде кеңес алып, ем қабылдауыңыз керек. Емнің негізгі түрі – гармонды терапия. Көп әйел емнің бұл түрін естігенде бірден бас тартып жатады. Бұл «гармон ішсем толып кетемін» деген түсінік. Ал шын мәнінде олай емес. Ол әйел ағзасындағы негізгі жыныстық гормон эстрогеннің орнын толтырады. Мұндай шаралар әйелдің қартаю процесін бәсеңдетуге, жұмысқа деген қабілетін арттырып, көңіл күйін жақсартады. Бірақ гормоналді дәрілерді ішпес бұрын дәрігердің тексеруінен өтіп, оның нұсқауларын бұлжытпай орындау керек . Ем тағайындаушы дәрігер тиісті гармонды сіздің физиологиялық ерекшелігіңізге қарай анықтап береді. Әдетте климакс кезеңі басталып, менпаузаға жеткенше көп әйел тез қартайып кетеді. Бұл аурушаңдық сезім мен ішкі күйзелістің әсері. Сондықтан дер кезінде гинеколог маманға бару керек. Әдетте көп келіншек өзге саланың дәрігеріне барып, емді дұрыс алмайды. Басы ауырса невропатолог, буыны сырқыраса ревматологқа барып жатады. Ең алдымен әйелдерге кеңес беру кабинетіне, сосын дәрігер эндокринологқа баруыңыз керектігін ескеріңіз. Сонда емнің шипасы қонымды болмақ.

Климакс – ауру емес. Бұл әйелдің ерекше жағдайы, бойында кездесетін жаңа кезең. Сондықтан климакстың алғашқы белгілері пайда болғаннан бас-тап одан оңай өту жолдарын қарастыру қажет. Ол үшін салауаттылыққа аса мән беру керек. Темекі, спирттік ішімдік атаулыдан бас тартып, дұрыс тамақтану керек. Бірақ тағамға жануар майын пайдаланудан аулақ болыңыз. Оның орнына құрамында кальций бар тағамдарды неғұрлым көбірек пайдаланған дұрыс.

Дәрігерлерді алаңдатып отырған тағы бір жайт бар. Ол климакстық кезеңнің тым ерте келуі. Соңғы кезде 28-35 жастағы келіншектердің арасында да климакс белгілері кездесіп жүр. Мамандар мұны стресс, экология және тұрақсыз жыныстық қатынастың әсері деп біледі. Сондай-ақ әйелге жасалған гинекологиялық ота, гормондармен емделу, инфекциялық аурулардың да әсері бар. Деректерге сүйенсек, шылым шегетін әйелдерде климакс кезеңі мерзімінен үш жыл бұрын ерте басталатыны дәлелденіп отыр.

Қаласаң да, қаламасаң да, бойыңда күш-қуатың тасып, байлығың асып тұрса да, бәрібір уақыт өз дегенін істейді. Қалай болғанда да 40-тан асқан әйелдер физиологиялық кезеңді бастан өткізуіне тура келеді. Егер бұл кезеңді ешқандай асқынуларсыз өткізем десеңіз өзіңізді күте біліңіз. Әрдайым сабырлы болуға тырысып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Әдемі қартая білудің өзі – өнер.

Ақмарал Мырзахметова

Атхамжан Мамытжанұлы
Атхамжан Мамытжанұлы

Атхамжан Мамытжанұлы, ОКА дәрігер -гинекологы

– Климакс кезеңі басталғанда әйелдiң жүктiлiк қабiлетi азаяды да түрлi сырқаттардың бас көтеруiне әкеп соғады. Адам ағзасындағы қажеттi гармондардың бiрi – экстрагендiк гармондар. Ол жас ұлғайған сайын азая бередi де, ол азайған сайын әйел ағзасы да өзгерiске ұшырай бередi. Түрлi себептерге байланысты әркiмде әртүрлi болады. Ең бастысы оның пәлендей сырқат емес, қарапайым тiлмен айтар болсақ, ағзаның өзгерiске ұшырауы, соған жүйкенiң жауабы десек те болады. Әйелдегi болып жатқан физиологиялық өзгерiстер кезiнде көбiне жатыр, жұмыртқа безiнiң және сүт бездерi iсiгiнiң көбеюi бiр қарағанда заңдылық. Өйткенi ағзадағы әрбiр мүшенiң қажеттi гармоны төмендеген сайын атқаратын қызметi де әлсiрей бас-тайтыны анық. Зат алмасу тұсындағы кезеңде, әсiресе сүйектердiң зақымдануы, яғни астефороз ауруына жиi соқтырады. Сондықтан әрбір әйел 40-тан асқанда өзіне ерекше күтім жасауы керек. Әрбір 6 айда гинеколог маманның кеңесін алуды ұмытпаған жөн.