Оңтүстік прокурорлары «ФудМастер – Шымкент» компаниясына айыппұл салды

388
Тексеруді прокурорлар жүргізген
Тексеруді прокурорлар жүргізген
Тексеруді прокурорлар жүргізген

Оңтүстік Қазақстанның табиғатты қорғау прокурорлары «ФудМастер – Шымкент» компаниясының өкілдеріне айып салды. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлайды. Мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі Ердос Найманбаевтың айтуынша, аталмыш компанияға экологиялық кодекстің талаптарын бұзған деген айып тағылып отыр. Сөйтіп, бірден 4 бап бойынша компания өкілдері төлеуі тиіс айыппұлдың көлемі 2 миллион теңгеге жуықтайды.

Арық суының бетін ақ қабыршақ жапқан
Арық суының бетін ақ қабыршақ жапқан

 

Бұған Төлеби ауданындағы Көксәйек ауылы тұрғындарының шағымы түрткі болды. Жергілікті халық осындағы арық суының беті біртұтас ақ қабыршақпен жабылғанын байқаған. Олар бұл жағдайға Төлеби ауданында орналасқан «ФудМастер – Шымкент» компаниясының жұмысы кінәлі дейді. Яғни, компания жұмысшылары өндірістің қалдықтарын арыққа жібере салады деп, құзырлы органдарға шағымданған. Нәтижесінде прокурорлар осы жағдайды тексеріп, компанияда өндірістік апат орын алғанын анықтады. Қазір компания өкілдері бұл апаттың алдын алғанын мәлімдеді. Айтуларынша, апаттың салдарынан сүттің қалдықтары арықтағы суға қосылып кетіпті. Ал зауытта зиянды қоспалар қолданылмайды дейді «ФудМастер – Шымкент» компаниясының басшылары.