«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тұрғындарға ыңғайлы болу үшін бар жағдайды жасайды

Әл-Фараби ауданы бойынша 5 мың абонент болса, соның бүгінде 500-нің есептегіш құралдары осындай кіреберістерге қайта орнатылды
Әл-Фараби ауданы бойынша 5 мың абонент болса, соның бүгінде 500-нің есептегіш құралдары осындай кіреберістерге қайта орнатылды
Әл-Фараби ауданы бойынша 5 мың абонент болса, соның бүгінде 500-нің есептегіш құралдары осындай кіреберістерге қайта орнатылды

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін бар жағдайды жасаймыз. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-гі Хрющев заманында салынған көпқабатты үйлердегі есептегіш құралдарды кіреберіске ауыстыруды бастады. Өйткені, соңғы кездері мекемеге электр жарығын ұрлықы пайдалану бойынша айтарлықтай зиян келген. Әрі, қуат көрсеткіштерін тексеруде электрик мамандар пәтерлерге кіре алмай әуре-сарсаңға түседі екен.

Есептегіш құралдарды кіреберіске шығару ісін «Оңтүстік Жарық Транзит» былтыр қарашада бастады. Әл-Фараби ауданы бойынша 5 мың абонент болса, соның бүгінде 500-нің есептегіш құралдары осындай кіреберістерге қайта орнатылды. Ең бастысы, бұл жұмыстардан тұрғындарға кедергі келмейді. Олар үйде жоқ кезде мамандар келіп, құрылғыдағы көрсеткішті жазып кетуге ыңғайлы. Ал құралдарды ауыстыруға кеткен шығын қуат тасымалдаушы компанияның міндетінде.

60 жылдары бой көтерген көпқабатты үйлер Хрющев заманының көзі. Сондықтан бұл үйлерге жаңа жүйедегі есептегіш құралдарды орнату мүмкін емес. Мамандар есептегіш құралдар пәтер ішінде болғандықтан соңғы кездері ұрлықылық та көбейіп кеткенін жасырмайды. Соның кесірінен Оңтүстік жарық Транзит мекемесі 20 пайызға дейін шығын көріпті.

Аққожа Әженов, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і Әл-Фараби ауданы бойынша тарату бөлімінің инженері: «Мұндай проблема тек Хрющевка үйлерінде ғана бар. Кейінгі 103,105, 77-серияларда проект бойынша бірден шығарылып кеткен. Ол жақта шиті, бәрі қарастырылып қойылған тұғын. Ал бұларда ондай қарастырылмаған. Тұрғындар жағынан қазірше ешқандай наразылық жоқ. Барлығы қайта қуанып отыр. Ескі линиялар бұрын өшіп қалатын. Жанып кететін. Желілер күйіп, напреженидер жоғары көтеріліп кететін. Олардың бәрі кетіп, жарықтың бәрі стандартқа сәйкес тберіліп жатыр. Тиімділігі, абонентерге уақытылы квитанцияны беру. Показанияны уақыты алу. Және электр энрегияның жоғалмауына жол бермеу. Яғни ұрлықы болмайды.

Құрылғыларды ауыстыру Шымкенттегі көпқабатты 34 үйге жасалады. Олар Асқаров, Айбергенов және Жангелдин көшелерінің бойындағы Хрющев заманының үйлері. Бұл үшін Оңтүстік Жарық Транзит 10 млн. теңгеге жуық шығындалып отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=8NCHet5QJFE[/youtube]