Құдалар арасындағы қанды қырғынға қатысты тағы да дау басталды. Естеріңізге саламыз өткен жылдың қазан айында Бадам елді мекенінде бір бірімен қыз алысып, қыз беріскен құдалар жанжалдасып, арты атысқа ұласқан. Салдарынан 3 адам ажал құшты. Тағы 14-і жарақаттанған болатын. Осы оқиғаға қатысты бүгін сот процесі басталуы тиіс еді. Бірақ кейінге қалдырылған. Тараптардың ашуы әлі басылмаса керек, бүгін екі әулеттің мүшелері арасында облыстық соттың алдында қып-қызыл дау болды.
Бір емес, бірнеше қылмыстық іс қозғалған бұл процесте. Алайда куәгерлер мен айыпталушы жақтың қорғаушысы келмегендіктен сот отырысы бірден кейінге қалдырылды. Келесі отырыс 12-сәуір күні болады деп белгіленді.
Судья аузын жиып үлгермей жатып нағыз сұмдық басталды. Екі әулет бұрыңғы дауына қайта басты. Бірін-бірі кінәлап, облыстық мамандандырылған сотты басына көтерді. Бүгін сот залынан шыққан екі тараптың өкілдері тағы да шулап кетті. Бірі қорғаушы қасақана келмей отыр десе, екінші жақ өз уәжін айтумен әлек.
Айта өтейік, құдалар арасындағы жанжал былтыр тура құрбан айт күні болған еді. Даудың басы неден шыққаны әлі күнге белгісіз. Белгілісі екі жақ дауласып бір-біріне оқ жаудырып жіберген. «Кескілескен шайқастың» салдарынан 14 адам түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілзе, үш адам көз жұмған болатын.
Құда құда дегізген, бірақ құйрық бауыр емес оқ пен таяқ жегізген даудың соңғы нүктесін сот қояды. Десекте олар бұған дейін егер нағыз кінәлілер жазаланбаса өз заңымызға жүгінеміз деп ескерткен болатын. Ал олардың заңы қанға қан, жанға жан дегеннен тұрад.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ycl4ZjnvSD0[/youtube]