Үш айдың ішінде жемқорлық бойынша 83 факт тіркелген

524
қаржы полициясының өкілі

 

қала әкімі
қала әкімі

Шымкенттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырысында қаладағы парақорлар туралы айтылған жоқ. Тек, ОҚО-дағы сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде ғана деректер келтірілді. Дегенмен Шымкентте 13 лауазымды қызметкердің парамен ұсталғаны белгілі болды. Бірақ қалалық әкімдікте өткен жемқорлыққа қарсы комиссияның отырыснда олар туралы жақ ашылмады. Ал қаржы полициясы қызметкерінің баяндамасы комиссия мүшелерінің наразылғын тудырды. 

Қалалық комиссияның отырысында Шымкенттегі ақша көрсе, қолын созбай отыра алмайтын жемқорлар туралы айтыла ма деп еді көпшілік. Бірақ олай болмай шықты. Биылғы жылдың үш айында сыбайлас жемқорлық бойынша 83 факті тіркелгені айтылды. Оның 13-і Шымкенттің лауазым иелері екен. Қызық болғанда қаржы полициясы тек облыс аудандарындағы деректерді келтірді. Айтуынша соңғы кездері білім саласы қызметкерлері пара алу бойынша алдына қара салмайтын болған. 

 

қаржы полициясының өкілі
қаржы полициясының өкілі

Мақсат Тұрлыбаев, қаржы полициясының өкілі: «372 мектептің бастауыш мектептің директоры Бейсеева, азаматша Пашкееваадан мектепке техникалық қызметкер етіп жұмысқа алу үшін жалпы сомасы пара ретінде алған жеорінде ұсталды. Оған қатысты пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды». 

Бәйдібек ауданындағы балабақша директоры да парамен ұсталған. Ол еден жуушы мен аула сыпырушыдан 40 мың теңгеден пара алыпты, осы жұмыста қалдырамын деп. Сөйтіп 6 жылға түрмеге тоғытылған. Отырыста ірі көлемде пара алған шортандар емес, шабақтар туралы ғана айтылғаны комиссия мүшелерінің ашуын туғызды.
Қайрат Молдасеитов, қала әкімі: «Әкімдік болғасын барып кеп мұғалімдерді көрсете бермей. Міне, комиссия мүшелерінің наразылығын тудырып жатыр».  

Қала басшысы шымкенттегі полицейлердің парақорлығы туралы да айту керек деп қосты. Өйткені Қайрат Молдасеитовті алқа отырысына бұл сала басшыларының келмеуі ашуландырды.

Қайрат Молдасеитов, қала әкімі: «Орынбасарларын жібеоріп қойып маған. Мен неғып отырмын. Мен де орынбасарларымды отырғызып жүрмеймін бе. Мұның қаншалықты маңызды екені қаралып отыр ғой комиссия да».

Әкім маңызды отырыс деп атаған жиында облыс аудандарындағы фактілерді нақты айтылып, Шымкентке келгенде тек газетте шыққан мақалалар мен дөңгелек үстелтер ғана сөз етілді. Айтпақшы сондай конферениялар мен түрлі буклеттер шығаруға бақандай 1 млн. теңге бөлінген екен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=lcy1F3vau04[/youtube]