«Әжелер алқасы» құрылды

Облыстық Ардагерлер кеңесі жанынан «Әжелер алқасы» құрылды
Облыстық Ардагерлер кеңесі жанынан «Әжелер алқасы» құрылды
Облыстық Ардагерлер кеңесі жанынан «Әжелер алқасы» құрылды

Облыстық Ардагерлер кеңесі жанынан «Әжелер алқасы» құрылды. Қоғамдық ұйым ретінде отау тігіп отырған алқаның жауапкершілікке алып отырған мәселесі ауқымды. «Қыздар, келіндер тәрбиесін қолға аламыз» дейді алқаның алғашқы отырысына жиналған әжелер.

Әйел-ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететіні бүгінде жаңалық болудан қалған. Бірақ, қазақтың тарихында айтулы аналардың тәрбиесін көріп өскен ұрпақтан небір ғұлама, небір данышпан шыққаны белгілі. Домалақ ана, Қарашаш ана, Бегім ана, Рабиға-сұлтан бегім, Айша бибі, т.б. Абай мен Шоханның да әжесінен алған тәлімді тәрбиені өзек еткендері бар. Олай болса, бүгінгі қоғамда «Әжелер алқасының» құрылуын жақсылыққа балаушылар аз емес.

Домалақ ана, Қарашаш ана, Бегім ана, Рабиға-сұлтан бегім, Айша бибі, т.б. Абай мен Шоханның да әжесінен алған тәлімді тәрбиені өзек еткендері бар
Домалақ ана, Қарашаш ана, Бегім ана, Рабиға-сұлтан бегім, Айша бибі, т.б. Абай мен Шоханның да әжесінен алған тәлімді тәрбиені өзек еткендері бар

Жастардың жүгенсіз әрекеттерін сынай бергенше, олар неге қызығады, не қалайды осы мәселені барынша зерттеуіміз керек, – деді өз ұсынысын ортаға салған қоғам қайраткері Сайлаукүл Барақова.

Айта кету керек, «Әжелер алқасына» медицина, мәдениет, өнер, білім,т.б сала мамандары да мүше ретінде тартылып отыр.

«Жас отбасыларға көмек қолын созып, ақыл-кеңесімізді беріп, жөн сілтеп отыруымыз керек» деген мәміле жасасты ақ жаулықты аналар.

«Әжелер алқасының» төрайымы болып, белгілі журналист, облыстық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Үрзада Айтөреева сайланды.