Бұрымдылар байқауы

Сайрам аудандық білім беру бөлімі жанынан құрылған әйелдер кеңесінің төрайымы С.Байменованың ұйымдастыруымен «Бұрымды ару-2013» байқауы болып өтті

Сайрам аудандық білім беру бөлімі жанынан құрылған әйелдер кеңесінің төрайымы С.Байменованың ұйымдастыруымен «Бұрымды ару-2013» байқауы болып өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Аталмыш байқаудың іріктеу кезеңіне аудандық білім беру бөліне қарасты 104 мектептен 29 мұғалім және 60 балабақшадан 14 тәрбиеші, жалпы саны 43 қыз-келіншек қатысты. Сол іріктеу кезеңінен өткен 10 ару ақтық сайыста бақ сынады. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру, «Зерделінің ойы озық» салт-дәстүр бойынша білімі, шаш сән үлгісін жасау, «Қыз еркем – кестесімен көркем» атты ұлттық қолөнерді көрсету, ән, би орындау секілді шарттардан сүрінбей өтіп, барлық қатысушы үміткерлер өз өнерімен көпшілікті тамсатты. Байқаудың нәтижесінде бас жүлдені «Гүл Астана» балабақшасының би жетекшісі Меруерт Жанатаева, ең ұзын шашты ару атанған Ғазиза Тлеубердиева иеленді. Беліне төгілген шашының ұзындығы 140 см екен. Қалған ару қыздар аудандық білім беру бөлімінің мақтау қағаздарымен және білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.