ОҚО-ның ардагерлері шет елде тегін демалады

253
Жақсы жаңалықты естіген ардагерлердің қуанышында шек жоқ
Жақсы жаңалықты естіген ардагерлердің қуанышында шек жоқ
Жақсы жаңалықты естіген ардагерлердің қуанышында шек жоқ

Украинианың Львов қаласындағы «Трускавец» шипажайына ардагерлер тегін демалатын болды. Сәуірдің он бірі мен жиырма төрті аралығындағы екі апталық демалысты «Көмектур» туристік фирмасы мен  ҚР Украинадағы елшілігі ұйымдастырып отыр.

Украинаға Оңтүстіктің өркендеуіне үлес қосқан ардагерлер жолдама алды.  Ардагерлер апталап «Трускавецте» демалып қана қоймай, жанға шипа, дертке дауа болар ем дом да қабылдайтын болады.

Украинадағы ҚР елшілігі мен  «Көмектур» туристік фирмасы  ұйымдастырған бұл саяхатқа ардагерлер тікелей рейспен ұшаққа отырады. «Риксос» қонақүйі де құшақ жая қарсы алмақ.  Бұл ардагерлерге деген айрықша қолдау дейді аға буын.

Өңірден аттанған алғашқы демалушылар бар. Әлі талай оңтүстікқазақстандық Украина жеріндегі табиғаты тамаша өлкелерді тамашалуға мүмкіндік алмақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gGAeMVUjIss[/youtube]