Шымкентте құстар күні атап өтілді

Ерекше қорғауға алынған құстардың бірі

Бүгін – Халықаралық құстар күні. Бұл дата қанаттыларды қорғау мақсатында 1906 жылдан бері атап өтіледі. Айта өтейік, биыл шиқылдауық қаз жылы.

Атаулы датаны Шымкенттегі мемлекеттік зоологиялық парк ұжымы да атап өтті. Бүгінгі таңда саябақты құстардың 61 түрі мекен етеді. Жалпы саны 280. Зообақ қызметкерлері оларға күн сайын күтім жасап, қамқорлық көрсетуде.

Ерекше қорғауға алынған құстардың бірі
Ерекше қорғауға алынған құстардың бірі

Сонымен қатар жас экологтар мен оқушылар арасында «Құстар-біздің досымыз» атты сайыс ұйымдастырылды. «Аққу», «Қарлығаш», «Көгершін», т.б. топ болып сайысқа түскен оқушылар интеллектуалды эстафета, сөзтізбек, басқатырғыш сынды сынақтардан өтті. Қатысушылар жарыс барысында облысымызды мекен ететін  және Қызыл кітапқа енген құстар туралы мәліметтерден хабардар болып, қанаттыларды қорғау туралы өз ұсыныстарын білдірді.

Оқушылар жарыс кезінде
Оқушылар жарыс кезінде

Ал ұйымдастырушы экологиялық орталық пен зоологиялық саябақ және Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлерінің айтуынша, мұндай сайыстар оқушыларды құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеуге, оларды жойылып кету қаупінен сақтауға үлес қосады.

Жарыс аяқталған соң қатысушылар зообақты аралып, құстарды тамашалады.