Хабарсыз кеткен жауынгердің дерегі табылды

1265
Отанды қорғаған жауынгер денесі Беларусь елінен табылды

 

Отанды қорғаған жауынгер денесі Беларусь елінен табылды
Отан қорғаған жауынгер жерленген жер

Ер есімі ел есінде. Хабар-ошарсыз кеткен жауынгер жайлы мәліметтер белгілі болды. Ұлы Отан соғысына аттанған оңтүстікқазақстандық азамат Отар Әшіровтің қаза болған жері 70 жылдан кейін анықталды. Жауынгердің мәйіті Белорусиядағы бауырластар зиратына жерленген екен. Сенсациялық мәліметті ардагердің зиратта болып, іздестіру шараларын жүргізген ұрпақтары жариялады.

Қара шаңырақта бас қосқан Абжановтар әулеті аталары Отар Әшіров жайлы деректерге енді қанық болды. Ғаламтор арқылы немерелері атасының Белорусь жерін азат ету кезінде 1943 жылы қарашаның 5-не қайтыс болғанын және жауынгердің Вымнян өлкесіндегі Задебрядағы бауырластар зиратында жерленгенін анықтаған. Майданға сонау 41 жылы Ташкенттегі Аққорған ауылынан аттанған жауынгерден бірде бір хабар келмеген. Қара қағаз да қолына алмаған отбасы 70 жыл үмітін үзбей табылып қалады деген сеніммен өмір сүріп келген.  

Белорусь жерін азат етуде қаза болған жауынгерлер Вымнян ауылдық округіндегі 14 бауырластар зиратында жерленген. Отар Әшіров атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанған деген болжамды туыстары алға тартуда. Алайда Естелік кітабына қатардағы жауынгер ретінде еңгізілген екен. Витебск ауданындағы Вымнян мектебі ұжымының жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде қазақстандық жауынгердің қай жерде жерленгені белгілі болды. Тура 68 жылдан соң, атасының басында құран оқылып, құлпы тасы орнатылды.  

Жауынгер Отар Әшіров сияқты хабарсыз кеткен қаншама сарбаз бар. Ал дәл осы жердегі бауырластар зиратында әлі анықталмаған қабірлер де көп. Әбжановтар әулеті іздестіру шаралары кезінде хабар ошарсыз кеткендер анықталады деп сенеді. Қалай десек те, ер есімі ел есінде мәңгі қалмақ! 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=QU-hLm2OzfU[/youtube]