Құқыққорғаушыларға халықтың көңілі толмайды

346

 

қоғамдық қабылдау
қоғамдық қабылдау

Құқыққорғаушылардың жұмысына қарапайым халықтың көңілі толмайды. «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалында өткен кезекті қоғамдық қабылдауға келгендердің басымы осыны айтты. Әсіресе, тергеу барысынан хабарсыз, мәселенің анығына жете алмай жүрген арызданушылардың қатары қалың.

Дарханайым Малшыбекова: «Ішкі істер органдарына күйінгеннен өзін-өзі өртеп жіберген менің келінім. Жұмыстарыңыз мардымсыз. Кіп-кішкентай ауылдан ұрыны таппау деген өтірік. Ауылда барлығы бірін-бірі таниды. Екі ортада менің жесір келінім күйіп отыр. Ауруханада жатыр. Ота жасау керек дейді, оған қаржымызда жоқ. Денесінің 50 пайызын күйік шалған».

Бәйдібек ауданынан ат артып келген, Дарханайым Малшыбекова келіні Лязаттың күйін күйттеп жүргелі 2-3 айдың жүзі болған. Сарқырама ауылындағы поштада қомақты қаржы қолды болған екен. Ұрыны таппаған ішкі істер бөлімінің қызметкерлері кассирді сұрақ астына алып, ауыр-халге жеткізген. Жәбірленушілердің арызы жауапсыз қалып, тергеу жұмыстарынан бейхабар екенін айтты.

Өтініш тілегін тыңдаған құқық қорғау органдары бұл істің облыстық ІІ департаментіне қатаң қадағалауда тұрғанын жеткізді. Бүгінгі қоғамдық қабылдауға келгендердің басым бөлігі тергеу жұмыстарының барысына қарны ашитындығын айтса, ендігі бір бөлігі соттың шешімімен келіспейді.

Алмасбек Мамытбеков
Алмасбек Мамытбеков

Алмасбек Мамытбеков, «Нұр Отан» ХДП ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары: «Тергеу амалдарына  қанағаттанбайтындар көп. Көбісі бей хабар. Осындай мәселелерді ІІД-нің өкіліне айттық. Егер сол аудан-аудандарда тергеу амалдарының тым болмаса барысы жайлы мәлімет болғанда, бұл кісілер арызданып келмеуші еді. Халық арасында сенім пайда болатын еді».

Айына төрт рет қоғамдық қабылдау өткізетін бас партияның облыстық филиалы әсіресе, құқыққорғаушы орган саласына келгенде арыздың көптігін алға тартты. Десе де, әрбір келіп-түскен арыздың жауабын алғанша, аянбаймыз дейді. Өйткені бас партияның басты мақсаты-халық сенімін ақтау.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=CGwSDGElaxw[/youtube]