Қазығұртта «қымызхана» ақсақалдар алқасы бар

1076
Төрт бірдей тегене бір мәжілістің қатысушыларына түк болмайды

 

Төрт бірдей тегене бір мәжілістің қатысушыларына түк болмайды
Төрт бірдей тегене бір мәжілістің қатысушыларына түк болмайды

Күнгейдегі киелі Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылында күні бүгінге дейін ақсақалдар алқасы өтеді. Қырықшақты қария қатысатын мәжілісті жергілікті жұртшылық «Қымызхана» деп атап кеткен. Аптаның әр жексенбісінде өтетін жиынның негізгі мақсаты елдімекендегі қордаланған мәселерді қарап, ауыл-аймақ арасындағы дау-дамайға әділ шешім айту. 

Табақты керген бұл қымыз бал қымыз десе болады. Алайда Қымызханаға жиналған қауымға аздық етеді десек артық емес. Себебі, мәжіліске қатысушылар нақ осындай тағы төрт табақ ішеді. Өйткені мұнда айтылатын әңгіме көп. Жер және жесір дауы қаралып, мал ұрлығы орын алған жағдайда кінәліні анықтап, шешімін айтатын осындағы қариялар. Бірақ бүгінгі отырысты жанжал емес жақсы істерге мұрындық болу кеңінен сөз болды.

НАУҚАН ИСАЕВ,  «ҚЫМЫЗХАНА» ақсақалдар алқасының мүшесі: «Жетім, мүгедек балаларға жәрдем ретінде акция өткізіп жатыр екен 30 күні. Соған қатысуға хат беріпті. Соған атсалысып жинап жатырмыз. Сол күні 1,2 адам барып акцияны тапсырып келеді ауданға».

Сондай-ақ ақсақалдардан ақыл сұрап ел билейтін ағалар мен атқа мінер қалталы азаматтар да келеді екен мұнда. Қиналғандарға қол ұшын созып, кеңес айтып, ақ батасын беру «Қымызхана» мүшелерінің міндетіне айналған.

НҰРЛАН ҚҰРАЛОВ, кәсіпкер: » Сол батаның арқасында солардың жұмыстары жүріп,қызметтері өсіп. Болмаса сәби сүйіп, сондай жақсы тірліктер болып жатады. Осы қымызхананың үлкен миссиясының бірі бата беру. Жақсылыққа бата беру!»

Көне-көз қариялардың айтуынша «Қымызхана» ақсақалдар алқасының құрылғанына жарты ғасырдан асыпты. Мәжілісті бастаған біздің бабаларымыз. Мұнда отырғандар солардың 4,5- ұрпақтары. Бұл дәстүрлі үрдіс атадан балаға мирас болып қалуда. Құрамымызға қосылам деушілер көп. Қатарымызда еңбектеген баладан 90 дағы қарияға дейін бар дейді олар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=0XFscX3TI_A[/youtube]