Ұлыдан қалған ұрпақтар Оңтүстікте бас қосты

690
Жұртшылық мемориал алдына жиналды

«Тарихтан тағлым-өткенге тағзым». Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. «Тарих қасіреті» акциясы биыл алғаш рет оңтүстікте аталып өтсе, бұған дейін Астана қаласындағы «Алжир» кешенінде, Қарағандыдағы Карлагта, былтыр Алматыда өткен болатын. Эстафетаның алауын алған өңір атаулы күнді «Қасірет» мемориалынан бастады.

Жұртшылық мемориал алдына жиналды
Жұртшылық мемориал алдына жиналды

«Қасірет» мемориалдық ескерткіштер кешені орналасқан бұл жер «Албасты сай» аталып келген. Айтары көп, осы бір атаудың астарында талай сырдың жатқаны анық. Тарихқа көз жіберсек, Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшыраса, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілген.Олардың арасында зиялылар мен мәдениет және қоғам қайраткерлері көп болды.

Жыл сайын Ұлыларын ардақтайтын ел, «Қасіретке» қайта жиналды. Сол кезде қайтпай қалған ардақтыларын еске алып, ұрпақтары да келді мұнда. Гүл шоқтарын қойып, ата-баба рухына тағзым етті.

тағзым
тағзым

Жазықсыз жапа шеккендердің артында қалған тұяқтары да талай қиындық көргені белгілі. Дегенмен, асылдың сынбасы анық. Отырардан қуғынға ұшыраған Дәуренбек Құрманбековтың ұрпағы, әкелерінің ерлігін, еткен еңбегін ұмытпайды. Олардың ендігі тілегі-ел амандығы.

Дәуренбек Құрманбековтың ұрпағы
Дәуренбек Құрманбековтың ұрпағы

Мамыт Құрманбеков, Дәуренбек Құрманбековтың ұрпағы: «Ең бастысы еліміз тыныш болсын. Әкеміздің ақталғанына қанағат тұтып, ұрпағының амандығын тілеймін».

Ұлылардың шөберелері де келді
Ұлылардың шөберелері де келді

Мына қос бүлдіршін қоғам қайраткері болған, ату жазасына кесілген Асан Сүлейменовтың шөберелері. Бүгін немере келіні еске алуға арнайы әкелген. Елуінші жылы ақталған аталары туралы білетініміз аз деп қынжылады.

Жанар Акимешова, Асан Сүлейменовтың немере келіні: «Атамыздың дәл осы жерде жерленгенін осыдан екі жыл бұрын естідік. Содан бері зерттеп, зерделеп келеміз. Түбіне жетіп жатқанымыз шамалы. Әйтеуір, немере шөберелерін ертіп, осында келеміз жиі».

жиналғандардың қарасы қалың
жиналғандардың қарасы қалың
ескерткіш
ескерткіш

Саясаттың құрбаны болып, жазықсыз жапа шеккендерді бір күн ғана еске алып, жарамызды жаза алмаймыз. Десе де 31-мамыр өткеннен сабақ алатын күн.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=elP58JCi9u8[/youtube]