Ауған соғысы ардагерлері «Шымкент жұлдызын» анықтады

476
"Шымкент жұлдызы" байқауының жеңімпазы
"Шымкент жұлдызы" байқауының жеңімпазы
«Шымкент жұлдызы» байқауының жеңімпазы

Шымкент жұлдыздары. Дәл осы тақырыпта ән байқауын өткізген ауған соғысы мүгедектері қоры жеңімпазды анықтады. Патриоттық тақырыпты ән шырғандардың ішінен үздігін анықтау қиын болды дейді ұйымдастырушылар.

Бағдат Алтаев, сазгер, әділ-қазылар алқасының мүшесі: «Мықтыны анықтау қиын болды. Байқауға қатысқандардың барлығы талант, барлығы өнерлі. Бірақ байқау болған соң, оның жеңімпазы болуы керек».

Өнерлі балдырған
Өнерлі балдырған

Әділ-қазылар алқасының мүшесі Бағдат Алтаевтың сөзінің жаны бар. Алғашқы ұйымдастырылып отырған байқауға 50-ге жуық үміткер қатысып, бақ сынаған. Дайындықтары мен таланттары бір-бірінен асып түсетін байөаудың жеңімпазын анықтау оңай болмады.

Десе де мыңнан жүйрік шыққандар көп ұзамай анықталды. Ардагерлерге арнап ән салғандардың барлығы арнайы дипломмен марапатталды.

қордың төрағасы
қордың төрағасы

Бақытжан Тәжімбетов, «Ауған соғысы мүгедектері қорының» төрағасы: «Басты мақсатымыз жас талант иелеріне жол ашу. Жастарды спорт пен мәдениетке баулып, болашағына баянды тәрбие беру. Екі күнге жалғасқан байқауда түрлі тақырыпта, түрлі тілде әндер шырқалды. Ардагерлер марқайып қалды. Енді бұл балалар үлкен байқауда бағын сынаса да болады».

Шымкент жұлдызы болып, Сымбат Ержан табылса, Сарыағаштан келген Ақмарал Мамай бірінші орынға ие болды. Жас жұлдыздардың жолын ашып, шабытына шабыт қосатын патриоттық байқау, келер жылы да жалғасын таппақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=uazrtBHuFvo[/youtube]