Мақтарал ауданында екі жеткіншекке қатысты сот шешімі шықты. Ералиев ауылдық округіндегі «Дәуір» жалпы орта мектебінің 11 сыныбінда оқитын екі оқушы 10-шы сынып оқушыларына күш көрсеткен. Ұрып, соғып, қорқытып, ақша талап етіп, ұялы телефондарына «АКТИВ» бірлігін салдырған. Онымен қоймай, өздерінің дүкендердегі қарыздарын төлетіп, айтқанын істемген інілерін қинап, күш көрсеткен. Аудандық прокуратурасы аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 181-ші бабының 2-ші бөлігі, а,б,в тармақтары негізінде қылмыстық іс қозғалған болатын. Ол іс мамандандырылған ауданаралық сотына жолданып, үкім де шықты.
Шырынбай Нәдірбаев, Мақтарал ауданы прокурорының аға көмекшісі: «Сот шешімімен Мамырайым Бекбол және Төлеген Ербол ҚК -нің 181 бабының 2 бөлігінің «а,б,в» тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін…»
Ауданда кәмелетке толмағандар мен жастар арасында ақша жинау, заттарын қорқытып алушылық, бұзақылық деректерін жою үшін арнайы 24 мобильдік топ құрылған болатын. Аталған дерек сол топтардың жіті жұмысы арқасында ашылды.