Мейірбикелер кәсіби мерекесін тойлады

Оңтүстікте 22 мыңдай медбике бар
Оңтүстікте 22 мыңдай медбике бар
Оңтүстікте 22 мыңдай медбике бар

Бүгін 12 мамыр – халықаралық мейірбикелер күні. Осыған байланысты облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері атаулы күнді тойлады. Медицина қызметкерлері салауатты өмір салтын қолдап, спорттық ойын түрлері бойынша бақ сынасты.

Сөйтіп, кәсіби мерекелерінде де мейірімді медбикелер салауатты өмір салтын насихаттады. Мұнысы, жан саулығы мен тән саулығын ұрандайтын сала мамандарының азаматтарды тағы да салауатты өмір сүруге шақырғаны болса керек.

Негізінен, медицина қызметкерлерінің ішінде көбінесе ауыр міндет дәрігерлерге жүктеліп, алғыстың да көпшілігі сол азаматтарға бағытталады. Осы ретте, ақ желеңді дәрігерлер өз ісінің қаншалықты нәтижелі боларын орта буынды медицина қызметкерлеріне яғни, медбикелерге байланысты екенін айтады. Мейірбикелердің әрбір науқасқа өз туғанындай қарап, көмек қолын созғаны тәні дертті адамның жанына екі есе шипа дейді.

Айта өтейік, облыс бойынша 22 мыңдай орта буынды медицина қызметкерлері бар екен. Оның ішіне, жекеменшік медицина орталықтарының да мейірбикелері кіреді.