Оңтүстік Қазақстанда заңсыз келімсектер көп

436
Бұл келімсектердің барлығының дерлік қолдарында жеке құжаттары жоқ

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында «Келімсек — 2013» операциясы өтіп жатыр. Таяуда көші-қон полицейлері Жетісайға рейдке шықты. Себебі, Мақтаарал ауданы шекараға жақын болғандықтан, онда шетелдіктер жиі келеді. Бұған тексеруге шыққан тәртіп сақшылары кезекті рет көз жеткізді.

Бұл келімсектердің барлығының дерлік қолдарында жеке құжаттары жоқ
Бұл келімсектердің барлығының дерлік қолдарында жеке құжаттары жоқ

Шетелдіктердің көбісі құрылыста жүр. Мысалы, Жетісайда тойхана және жекеменшік балабақша салып жатқан өзбекстандықтар анықталған. Әдеттегідей, олардың құжаттары қожайындарында, жұмыс істеуге рұқсаттары да жоқ. Олардың барлығы да аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Шлакоблок құятын цехта та бір топ келімсек жүр. Айтуларынша, айына 30 мың теңге шамасында жалақы алады.

Мына топ шлакоблок құяды
Мына топ шлакоблок құюмен айналысады

Учаскенің бригадирі бір бума құжаттар әкелді. Онда жұмысшылардың жалақысы мен жатын орны, жұмыс күнінің ұзақтығы секілді мәселелер қамтылған келісім-шарт та бар. Алайда, шетелдің жұмыс күшін пайдалану үшін квота қажет.

Қожайын құжаттарды әкелді. Дегенмен, квота жоқ
Қожайын құжаттарды әкелді. Дегенмен, квота жоқ

Тек құрылыста ғана емес, егіс алқабында да жұмыс істеп жүрген өзбекстандықтар табылды бүгінгі рейдте. Нәтижесінде ұзын-саны 23 адамның үстінен әкімшілік іс қозғалды. Енді олардың кейбірі Қазақстанның аумағынан тысқары шығарылуы да мүмкін.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=T_Us2Jd-GWY[/youtube]