Оңтүстікте қатерлі ісіктен көз жұмғандар көбейіп барады

Жыл сайын оңтүстіктің өзінде 50-55 шақты онкологилық ауруға душар болған балалар анықталып отыр. Қазір тіркеуге алынғаны 200 ден астам
Скринингтік орталықтың бар мәліметі осында сақталады
Скринингтік орталықтың бар мәліметі осында сақталады
Түркістан қаласының тұрғыны Лолахан Айткешева
Түркістан қаласының тұрғыны Лолахан Айткешева

Оңтүстікте соңғы 4 айда онкологиялық аурудан 433 науқас көз жұмған. Бұл санақ өткен жылдың осы уақытқа дейінгі кезеңімен салыстырғанда 6 адамға көп. Қатерлі ісіктен қайтыс болғандардың көбі Арыс, Төлеби, Мақтаарал, Созақ, Түлкібас аудандарында болып отыр.

Бұл мәліметтер осыдан екі жыл бұрын (2011 жылы қарашада) онкологиялық диспансер базасында ашылған скрининг орталығынан алынды. Ондағы мамандар сүт безі және жатыр мойны обырын, қалқанша безі мен тоқ ішек обырын ерте анықтаудың скринингтік бағдарламасын жасауда.

Қазбекхан Сыздықов қатерлі ісік ауруханасындағы маммология бөлімінің меңгерушісі. Сүт бездері қатерлі ісігімен күресіп жүрген жан. Дәрігер жұрттың соңғы кезде неге қатерлі ісікке жиі шалдығып жатқанының нақты себебін білмейміз дейді. Бірақ, экологиялық ахуал, ананың баласын емізбеуі немесе дұрыс емізбеуі- барлығы бұл дерттің өршуіне әкелетіні анық. Оның үстіне, жығылғанға жұдырық болып ауыруын дендетіп барып дәрігерге келетіндер де аз емес.

Соңғы үмітпен ауруханаға келген жандардың бірі-Лолахан Айткешева. Жетпістің үшеуінен асқан әже көкірегі сыздап ауыра бастағаннан тәуіпке барып, халық емдерін жасаған. Бірақ, бір жылда оң жақ сүт безі ісіп, қан ірің шыға бастаған. Болмаған соң, апаны балалары қатерлі ісік ауруханасына өздері алып келіпті. Дәрігерлер 2 химия терапиясынан соң ота жасаған. Қазір Лолахан апаның денсаулығы жақсы.

Жыл сайын оңтүстіктің өзінде 50-55 шақты онкологилық ауруға душар болған балалар анықталып отыр. Қазір тіркеуге алынғаны 200 ден астам
Жыл сайын оңтүстіктің өзінде 50-55 шақты онкологилық ауруға душар болған балалар анықталып отыр. Қазір тіркеуге алынғаны 200 ден астам

Өкінішке орай, мұндай қуанышты хабар баршаға айтыла бермейді. Бір ғана Шымкенттің өзінде соңғы 4 ай ішінде 895 адам есепке алынған. Оның бірінші орнында асқазан рагі-122 науқас, екінші орында сүт безі рагі-113 науқас, үшінші орында өкпе рагі, тері рагі, өңеш рагімен тіркелген.

Ал аурудың кеш анықталуының негізгі себебі жергілікті онкологтардың жетіспеуінен немесе олардың бір орнында ұзақ тұрақтамауынан арнайы ем барысы толығымен жүргізілмейді екен. Сондықтан, емнің сапасы төмендеп, науқастың жазылып кету мүмкіндігі азаюда екен.

Шаш пен тырнақтан басқаның бәрін зақымдайтын қатерлі ісік аурулары бүгінде жас талғамайды. Бұрын бұл дертпен жасы егде тартқандардың ілуде біреуі ауыратынын естісек, қазір жас та, кәрі де осы сырқаттың құрығына ілініп жатыр. Мамолог Қазбекхан ағаның сөзіне сенсек, өткен жылы 18 жастағы бойжеткеннің де ааналық сүт безінен қатерлі ісік табылған.

Өткен жылы дәрігерлер өңірімізде 75 баланы қатерлі ісігі бар деп тіркеуге алған. Сол есепке алынған 205 жас ұл-қыздардың 37-нің өмірін сақтау мүмкін болмаған.

Аққали Маймақов, балалар онкологы: «Балалар арасында қан ауруы, ми ісігі, бауыр, т.б өкінішке орай кездеседі. Мұндай өсудің өзі бірден байқалмайды. Алдын алу балаларда көп жағдайда мүмкін болмайды. Алғашқы белгілері оларда білінбейді». 

Көп жағдайда баланың ауруы іште, ананың жүкті кезінен басталады. Ананың тұмауратқан немесе қаны аздықтан аурушаң халі құрсақтағы балаға әсерсіз емес. Әйтсе де сырқатты анықтаудың сатыларына байланысты неғұрлым ертерек ем-дом жасалса, соғұрлым 90 па-йызға дейін науқас айыға алады дертінен. Мамандардың есебі бойынша, жыл сайын қатерлі диагноз 30 мың адамда анықталады екен. Бұл тек ресми дерек, тексерілмей жүргендерінің бары да даусыз.