«Парасат» колледжінің студенттері ардагерлерді ардақтады

Ұлы Отан соғысына 1 млн. 200 мың қазақстандық аттанған
Ұлы Отан соғысына 1 млн. 200 мың қазақстандық аттанған
Ұлы Отан соғысына 1 млн. 200 мың қазақстандық аттанған

Ешкім де ұмытылмайды. М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ жанындағы «Парасат» колледжінің студенттері «Жеңіс күніне» орай, ардагерлерді құрметтеу рәсімін бастап жіберді. Ұлы жеңісті жақындатқан ақсақалдардың өсиетін тыңдап, сый көрсетті.

Олар сұрапыл жылдардың тірі куәсі. Олар 41 мен 45-тегі қиын-қыстау заманды таңдан-таңға жалғап айтып беруден де тайынбайды. Өйткені олар отан үшін от кешкен жауынгерлер, біздің нағыз баһадүрлеріміз. Осыны ұққан «Парасат» колледжінің парасатты студенттері Жеңісті жақындатқан ақсақалдармен тағы да сыр алысты.

Анарқұл ЕРБОТАЕВ, ҰОС ардагері: «1418 тәулік сұрапыл соғыс болды. Халық деген жүнжіп кетті. Бала әкесін, әке баласын танымаған замандар болған. Міне, енді Құдай қаласа бейбітшілік заман орнады. Балаларға айтарым – оқы, оқы, оқы, бірлікті сақта деп өсиет айтқым келеді».

Бүгінгі ұрпақтың алғысы да ерекше. Тірі шежірелерді құрметтеп, ақ батасын алу. Күн санап қатары сиреп бара жатқан ардагерлерді тірі күнінде сыйлап, өсиетін тыңдасақ дейді. Аталған колледждің 1 курс студенттері бүгінгі бейбіт өмір үшін, осы қарттарға қарыз екенін іштей ұғынады.

Біздің болашақ отан қорғаушыларымыз да ешкімнен кем емес. Қос қартқа ұлағатты ұрпаққа бек сенуге болатынын дәлелдеп жатыр. Бұл – елім деген ері барда, ерім дейтін елдің табылатынының айғағы дейді көнекөздер.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=CmS-PQKNPPA[/youtube]