Зейнеткерлер «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды

712
марапат барысы

Ал осы кезде форумға арнайы келген зейнеткерлер мен ардагерлердің бір қатары «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Төс белгіні салтанатты тапсыру рәсімі жаңадан ашылған облыстық ардагерлер үйінде өтті.

марапат барысы
марапат барысы

Өңірімізге сіңірген айрықша еңбегі және экономиканы, әлеуметтік қоғамдық салалардың дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталғандардың қатарында Әмидулла Ермаханбетов те бар.

Әмидулла Ермаханбетов, зейнеткер:»Зейнет жасына шығып отырған біздердің еткен еңбегімізді бағалаған басшылыққа үлкен рахмет. Абыройымызды асқақтатып медаль тақты. Ақсақалын құрметтеген елдің ертеңі жарқын. Біздің ақ батамыз сол. елімізде тыныштық болып, жастардың жасаған жұмысы алға жылжи берсін».

Облысымыздың аудан-қалаларынан келген 28 зейнеткер еткен еңбектерінің еленгеніне дән риза. Ендігі міндетіміз есті ұрпақты тәрбиелеу деп тарқасты.