Жалғызбасты мүгедек әке көмекке мұқтаж

Созақ ауданының тумасы, 39 жастағы Алға Асанов үш баланы бір өзі асырап келеді

Жалғызбасты әке. Бұл сөз тіркесіне бүгінде құлағымыз үйренген. Ал біздің келесі кейіпкеріміздің жағдайы тым бөлек. Үш баланың жалғыз өзі бағып отырғанынен бөлек, азамат созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан. Тілшілерден көмек сұрап, жағдайына елең етер азаматтар болар деген үмітпен хабарласыпты. 

Созақ ауданының тумасы, 39 жастағы Алға Асанов үш баланы бір өзі асырап келеді
Созақ ауданының тумасы, 39 жастағы Алға Асанов үш баланы бір өзі асырап келеді

Алға Асанов тепсе темір үзетін жаста. Бірақ саулығы сыр беріп, ауыр жұмысқа жарамай қалды. Осы ахуалына ашынды ма, жары да Алғаны шеттей бала-шағамен тастап кетіпті. Ана міндетін әкелігімен қатар алып жүрген азаматтың бүйрегі ауырады. Дәрігерлер тез арада бүйрегін ауыстыру керек деген кеңес берген. Бірақ, оған қол қысқа.

Алға Асанов, 1-топ мүгедегі: «Алғаш ауырғанымда әйеліме обал болды, енді балаларымды кім жетілдіреді? қалай? кімнен көмек сұрайды? деп әйелімді аяған едім. Бірақ жағдайдың бұлай айналып кетерін мен білмеппін. 14 жыл отандасқан келіншегім балаларымды маған тастап кетіп қалды».

Екі бүйрегі де Алғаның маңдай соры болды. Соңғы кезде дерті дендеп барады. Үйелмелі-сүйелмелі үш перзенті әкесінің ахауалына алаңдаулы. Үлкен қызы тұрмыс жағдайына өзіндік үлесін қосып, көмектескісі-ақ келеді. Ал анасының бұл әрекетіне іштей болса да наразы.

Назерке, Алғаның қызы: «Кетпеші деп анама қанша жалындық. Қайтып келгенінде ешқандай суықтық танытпадық. Біз оған ештеңе істеген жоқпыз ғой бізді тастап кететіндей…»

Кейіпкеріміз қазір гемодиализге таңылған 50 оңтүстікқазақстандықтың бірі. Бүйрегінің жұмысын аптасына 3 рет арнайы аппарат арқылы демеп отырады. Мемлекет тарапынан бөлінген дәрі-дәрмекті тегін қабылдағанымен, қуат беріп тұрғаны шамалы.

Ғани ҮСЕНОВ, ХҚТУ клиникасының бөлім меңгерушісі: «Бағдарламалы гемодиализсіз науқас өмір сүре алмайды. Бір алтернатива бар. Ол бүйрек алмастыру. Онда да бүйрегін беретін адам бауыры, әке-шешесі, яғни туысы болуы қажет. Сонда ғана ота жасатуға квота арқылы Астана, Алматыға жібереміз».

Бірақ, Алға Асановтың туыстарынан донор табылмапты. Туған ағасының бүйрегі оның ағзасына сай келмесе, кіші інілерінің бүйрегінен бас тартқан. Азаматтың бүгінгі ахуалына елең етер азамат болса, көмек сұрайды. Әкенің бұл тілегі балалары үшін. Өзі болмаса оларға да сүйеу болар ешкім жоқ дегенді айтады.

Алға Асанов осыдан 3,5 жыл бұрын төсекке таңылып, қамал алар шағында дәрігерлер оған созылмалы бүйрек шамасыздығы, яғни екі бүйрегі мүлдем істемейді деген диагноз қойған. Басында баспанасы жоқ әке балапандарымен пәтерден пәтерге көшіп, мүгедектігі үшін айына 27 мың теңге жәрдемақыға күн көруде
Алға Асанов осыдан 3,5 жыл бұрын төсекке таңылып, қамал алар шағында дәрігерлер оған созылмалы бүйрек шамасыздығы, яғни екі бүйрегі мүлдем істемейді деген диагноз қойған. Басында баспанасы жоқ әке балапандарымен пәтерден пәтерге көшіп, мүгедектігі үшін айына 27 мың теңге жәрдемақыға күн көруде
Оқу оқып, білімін жетілдіріп, екі жұмысты қатар алып жүрген шағында арманы көкке ұшты. Екі бүйрегі де істемей, мүгедек атанды. Бүгінде "Асар" шағынауданының оқушыларын үйді-үйіне тасып тапқан мың теңгесін қанағат етіп жүр
Оқу оқып, білімін жетілдіріп, екі жұмысты қатар алып жүрген шағында арманы көкке ұшты. Екі бүйрегі де істемей, мүгедек атанды. Бүгінде «Асар» шағынауданының оқушыларын үйді-үйіне тасып тапқан мың теңгесін қанағат етіп жүр
Жұбайы төсекке таңылғанда жары үш бүлдіршінінің көз жасына қарамай, отбасының шырқын бұзып, бауыр еті балаларын мүгедек әкесіне тастап төркініне кетіп, қайта оралмайды. Тас жүрек анасының бұл әрекетін 12 мен 5 жасар ұлдары Нұрберген, Нұржігіт те, бойжеткен Назерке есімді тұңғышы да түсінбейді
Жұбайы төсекке таңылғанда жары үш бүлдіршінінің көз жасына қарамай, отбасының шырқын бұзып, бауыр еті балаларын мүгедек әкесіне тастап төркініне кетіп, қайта оралмайды. Тас жүрек анасының бұл әрекетін 12 мен 5 жасар ұлдары Нұрберген, Нұржігіт те, бойжеткен Назерке есімді тұңғышы да түсінбейді
"Кетпеші деп анама қаншама жалындық. Алматыда тұрғанымызда әкем қаншама рет ауылдан әкелді. Бірақ, ол суық болды. Бізге де, әкеме де. Тіпті, ренжімесін деп өкпемізді де білдірмеуге тырыстық. Бізді тастап кететіндей біз анамызға артық сөз айтқан емеспіз. Тек ініме ғана анда-санда телефон шалып тұрады",- деп көз жасын бойжеткен жасыра да алмады
«Кетпеші! деп анама қаншама жалындық. Алматыда тұрғанымызда әкем қаншама рет ауылдан әкелді. Бірақ, ол суық болды. Бізге де, әкеме де. Тіпті, ренжімесін деп өкпемізді де білдірмеуге тырыстық. Бізді тастап кететіндей біз анамызға артық сөз айтқан емеспіз. Тек ініме ғана анда-санда телефон шалып тұрады»,- деп көз жасын бойжеткен жасыра алмады
Сүпп сүйкімді үш баласымен Алға Асанов бүгінде Асар шағынауданында тұрады.Бірақ, мына тұрып жатқан пәтері де өзінікі емес. Алғаның достарының бірі тегін тұруға мүмкіндік берген. Соңғы 2 жылда қаншама пәтер де алмастырыпты. Ал үш бірдей баласын жылатпаймын деп өзіне серт берген әке айығып кетуге бар амалын жасауда. Бірақ екі бүйрек мүлдем істемейді
Сүп-сүйкімді үш баласымен Алға Асанов бүгінде Асар шағынауданында тұрады.Б ірақ, мына тұрып жатқан пәтері де өзінікі емес. Алғаның достарының бірі тегін тұруға мүмкіндік берген. Соңғы 2 жылда қаншама пәтер де алмастырыпты. Ал үш бірдей баласын жылатпаймын деп өзіне серт берген әке айығып кетуге бар амалын жасауда. Бірақ екі бүйрек мүлдем істемейді
Басқадан кем етпеймін деп биыл қызын колледжге оқуға берген, ал ортаншы баласы бокс үйірмесіне қатысады
Басқадан кем етпеймін деп Алға Асанов биыл қызын колледжге оқуға берген, ал ортаншы баласы бокс үйірмесіне қатысады
Нұрберген бокстан едәуір жетістікке жеткен. Түрлі жарыстан алтын жүлделері де бар
Нұрберген бокстан едәуір жетістікке жеткен. Түрлі жарыстан алтын жүлделері де бар
Қазір колледж оқып жүрген Назерке әкесі мен бауырларына қамқор болғысы-ақ келеді. Сабақтан үйіне асығады. Әкесіне ас даярлап, інілерінің киімін бүтіндеуі қажет. Әйел баласының күйбең үй шаруасы жеткіншек Назеркенің мойнында.
Қазір колледж оқып жүрген Назерке әкесі мен бауырларына қамқор болғысы-ақ келеді. Сабақтан үйіне асығады. Әкесіне ас даярлап, інілерінің киімін бүтіндеуі қажет. Әйел баласының күйбең үй шаруасы жеткіншек Назеркенің мойнында
 аптасына 3-4 рет 4 сағаттан гемодиализ алады. Биылдың өзінде 2 рет жансақтау бөліміне ауыр халде түскен Алға есін жинай сала бір үйде көздері жәудіреп отырған балаларына асығады. "Қашқандай болам, бірақ амал жоқ",- дейді ағаның өзі
Алға Асанов аптасына 3-4 рет 4 сағаттан гемодиализ алады. Биылдың өзінде 2 рет жансақтау бөліміне ауыр халде түскен Алға есін жинай сала бір үйде көздері жәудіреп отырған балаларына асығады. «Қашқандай болам, бірақ амал жоқ»,- дейді ағаның өзі
Осындайда әкелерінің халін айтып балалары құдайы көршілеріне жүгіреді. Жедел жәрдем шақырып, әкесі ауруханада жатқанында балаларына көршілері, туыстары қарайды. Қалбибі Бекбаева Асановтар отбасының көршісі. Апа бұл жанұя жайында тек жақсы сөздер айта аламын дейді
Осындайда әкелерінің халін айтып балалары құдайы көршілеріне жүгіреді. Жедел жәрдем шақырып, әкесі ауруханада жатқанында балаларына көршілері, туыстары қарайды. Қалбибі Бекбаева Асановтар отбасының көршісі. Апа бұл жанұя жайында тек жақсы сөздер айта аламын дейді
Ия, бұл тағдыр ғой, тек «жалғыз басты әке» атанып, үш баласын жеткіземін, деп ебіл-дебіл болып жүрген Алғаға сабыр тіледік. Өйткені, қырыққа енді қадам басар шағында ер кісі «балаларымды ешкімге жәутеңдетпей, қайтсем мұратына жеткізем, азамат қылып өсіремін», деп дамыл таппайды. Оның бұл мұратына жетеріне денсаулығы жарағанда күмән болмас еді, ендігі бір кілтипан - баспана болып тұрғаны. «Өз үйім, өлең төсегім», деп көсіліп жататын, асыр-салып ойнайтын тұрағы жоқ, бұл отбасының
Ия, бұл тағдыр ғой, тек «жалғыз басты әке» атанып, үш баласын жеткіземін, деп ебіл-дебіл болып жүрген Алғаға сабыр тіледік. Өйткені, қырыққа енді қадам басар шағында ер кісі «балаларымды ешкімге жәутеңдетпей, қайтсем мұратына жеткізем, азамат қылып өсіремін», деп дамыл таппайды. Оның бұл мұратына жетеріне денсаулығы жарағанда күмән болмас еді, ендігі бір кілтипан – баспана болып тұрғаны. «Өз үйім, өлең төсегім», деп көсіліп жататын, асыр-салып ойнайтын тұрағы жоқ, бұл отбасының

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1xNNUVnPGjk[/youtube]