ОҚО бюджеті өсті

270
ОҚО бюджеті өсті
ОҚО бюджеті өсті

ОҚО-ның бюджеті – 342 908,8 млн. теңгені құрап, былтырғымен салыстырғанда 107683,4 млн. теңгеге немесе 45,8 % өсті. Жуырда облыста аудан, қалалардың әлеуметтік-экономикалық картасы әзірленетін болады. Жасақталған әлеуметтік-экономикалық карта бюджет қаражатын ең қажет деген жобаларға бағыттап, тозығы жеткен әлеуметтік нысандардың жуық арада жөнделуіне ықпал етпек. Одан бөлек, аталған құжат аймақтардың өндірістік әлеуетін дұрыс бағамдап, болжам жасауына мүмкіндік бермек.

Аудан, қала әкімдері сәуір айының алғашқы онкүндігіне дейін өз аумақтарының әлеуметтік-экономикалық карталарын жасап, оны облыс әкімдігінде қорғайтын болады. Аталмыш карта жасақталса әрбір ауыл-аймақтың бірінші кезекте шешілуі тиіс мәселелері айқындалып, бюджеттің тиімді игерілуіне жағдай жасалады.

Сондай-ақ, бұл құжат әрбір әкімдіктің алдағы екі-үш жылда атқаратын жұмысын жоспарлап, терең әлеуметтік-экономикалық талдаулар жасауына мүмкіндік беретін болады.