Жер қатынастары басқармасына жергілікті бюджеттен 7 млрд. теңгеден астам қаржы қаралған. Бұл сомаға мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін алып қою және жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару жұмыстары қаралған. Бұл туралы қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы мәлімдеді.
Жыл басынан бері мемлекет мұқтажы үшін жалпы 398 жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығарылды. Оның ішінде аумағы 137,4 гектарды құрайтын 321 жер учаскесіне қазынадан 7,5 млрд. теңге көлемінде өтемақы төленді. Сонымен қатар жалпы алаңы 9,71 гектар болатын 51 жер учаскесінің иелеріне тең бағалы жер учаскелері берілді. Нәтижесінде, бюджет қаражаты үнемделді дейді басқарма басшысы.
АЗАТ ИСЛАМОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «11 жер учаскесі алаңы 46 га сот шешімі негізінде өтемақысыз қайтарылды. Сонымен қатар, 8 жер учаскесі өз еркімен бас тартуына байланысты алаңы 247 га өтемақысыз қайтарылды. 7 жер учаскесі — заңсыз табысталуына байланысты жалпы алаңы 150 га сот шешімімен тегін қайтарылып, 800 млн.тг шамасында бюджет қаражаты үнемделді».
Мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін алып қою және жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруға 7 млрд. 524 мл.н 840,0 мың теңге қарастырылып, қараша айындағы жоспарға сәйкес 7 млрд 283 млн 287,1 мың теңге игерілді.Басқармаға 2025 жылға бөлінген қаражаттар жыл соңына дейін толық, сапалы және мерзімінде 100 пайызға игеріледі. Басқармаға жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік ұйымдардан 3 мыыңнан астам арыз шағым келіп түскен.
АЗАТ ИСЛАМОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «2025 жылдың 11 айында басқармаға жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік ұйымдардан 7140 кіріс хаттар түсіп тіркелген, оның 3299 арыз-шағымдар болса, 3841 мемлекеттік мекемелер хаттары. 6307 шығыс хатымен тиісті жауаптар беріліп, орындалған. Басқарма тарапынан көрсетілетін 9 мемлекеттік қызмет түріне 2025 жылдың 11 айында 38486 өтінім түскен. Арасында мерзімі өткен хаттарда болды. Ол бойынша, жауапты қызметкерлерге шара көрілді».
Айта кетейік, Шымкент қаласының жалпы аумағы 116 280 гектарды құрайды. Қала аумағы 5 ауданға бөлінген. Оның ішінде Абай ауданы 24 000 гектар, Әл-Фараби ауданы 13 700 гектарды құрайды. Ал, Қаратау ауданы 19 500 гектар аумақты алып жатыр. Бұдан бөлек, Еңбекші және Тұран ауданы бойынша 59 мың гектар.
Нұргүл Жолымбетова






