Облыс әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, облыс әкімі
Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, облыс әкімі
Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, облыс әкімі

Шешілмеген әлеуметтік мәселелер көп. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов «Нұр Отан» партиясында өткізген қоғамдық қабылдаудың түйіні осыған сайды. Облыс жұрты бұл күні көбінесе, мектеп, ауызсу, жолдың жыры сынды проблемаларымен арызданды.

Ордабасы ауданынан келген Ералы Санаев облыс басшысы азаматтарды қабылдайды екен дегенді есіткеннен «Нұр Отанға» жол тартыпты. Бірінші басшыға толғандырған сауалын да қойды. Әр саладан келген жауаптылардың жауабы да дайын.

Қабылдауға бұл күні 14 азамат қатысты. Көпшілігінің арызы – коммуналдық қызметтерге байланысты өрбіді. Келген азаматтарға түрлі басқармадан келген өкілдер тіл қатып, облыстық деңгейдегі проблемаларға Асқар Исабекұлының өзі жауап берді. Оның бірі қанша тамырын шапса да, түбегейлі жойылмай келе жатқан тәуліктік пәтер беруге байланысты еді.

Бұл облыс әкімінің «Нұр Отан» партиясында жүргізген алғашқы қоғамдық қабылдауы. Кездесу Елбасының таяуда берген тапсырмасына сай жүргізілуде. Жалпы осыған дейін жыл басынан бері түрлі сала бойынша 8 басқарма басшысы билік қоғамдық қабылдау өткізді.