Доңыз, құс тұмаулары. Коронавирус. Конго қырым безгегі. Қала берді өткір Ішек инфекциялары. Біреуінің өзінің неше атасы бар. Әлем бойынша адамзат қауымы осындай жұқпалы аурулардың қашаннан құрбаны болып келе жатқаны белгілі. Қазірдің өзінде аталмыш вирустардан өлім құшқан адамдар саны жетерлік. Жұқпалы дерттердің біздің елге келмесіне кім кепіл?
Жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды алдын алу, олардың емдеуде тиімді дәрі-дәрмек қолдану жұмыстары бойынша бүгін халықаарлық ғылыми тәжірибелік конференция Шымкентте бастау алды.
Еліміздің барлық облысынан және көрші Ресейден келген 400-ге жуық маман жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу және оны тиімді дәрілермен емдеуді көздейді. Әрқайсысы өз өңірінде орын алған эпидемиологиялық-инфекциялық жағдайды мәлімдеуде. Бұл дәрігерлер үшін бір жағынан тәжірибе жинақтау болса, екінші жағынан жұқпалы аурулармен күресудің заманауи әдістерімен емдеуге біріге қол жеткізу.
Әлемде, дамушы елдердің өзінде де ВИЧ/СПИД, туберкулез, безгек секілді жұқпалы аурулар адам өлімінің негізгі себепкері болып отыр. Ал инфекциялық аурулар күтпеген жерден пайда болып, дер кезінде емделмесе, қауіпті сипатқа айналып, адамның басқа органдарының сырқаттануына әкеп соқтырады.
«Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың рационалды фармакотерапиясы» атты халықаралық дәрежедегі бұл жиынды ұйымдастырып отырған ОҚМФАсы. Аталмыш оқу орнында жұқпалы аурулармен жұмыс жасайтын арнайы бөлім бар. Оның үстіне түрлі ғылыми жобалар, бағдарлама мен жүргізіліп жатқан зерттеулердің нәтижесі де бар.
Жиналғандардың пікіріне сүйенсек, республикада дәрі-дәрмектер жетіп артылады. Олардың ішінде мемлекет тарапынан тегін берілетіндеріде бар. Енді тек тиімдісін сүзіп алу ғана қалды.
Халықаралық конференция екі күнге жалғасады. Нәтижесінде жұқпалы аурулар мен эпидемиолог мамандар талқыламаларының қорытындысын жасайды. Соңынан бас қосқандар денсаулық сақтау министрлігіне медициналық қызметті жақсарту бойынша өз ұсыныстарын жеткізбек.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=8l9AW8KySFI[/youtube]