Облыстық білім басқармасына қарасты Төлеби ауданындағы «Тау самалы» сауықтыру лагерінің жазғы маусымының салтанаттты ашылуы өтті. Мұнда 2 маусымнан бері ОҚО және Қызылорда облысының елді-мекендерінен 400 жасөспірім демалуда.
15 күндік демалыста жасөспірімдер тауға шығып, 4 мезгіл тамақтанып, арнай қол өнер үйірмелері мен мәдени және спорттық бағдарламалар өткізіліп, ең бастысы логикалық сұрақтар бойынша білімдерін де шыңдайды.
Жаздың соңына дейін 5 ауысымда 2000 жасөспірім демалдыру жоспарда. Әр ауысым 14 күн. Жаз соңына дейін облыс бойынша аз қамтылған отбасылардың 10 000 бала демалады. Ал бұл лагерге 250 бала жолдама алады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=sKXLOnasB0E[/youtube]