Үздік жобалар Оңтүстіктен қанат қағады

«Оңтүстік құс» ЖШС

Республика көлемінде «Еліміздің индустриалды өмірі» апталығы бастауын алды. Өткен айдың 29-на басталған шара шілденің 5-не дейін жалғаспақ. Шараның алғашқы күнінде «Қазақстандық экспорт» тақырыбы қамтылса, екінші күні шағын және орта бизнес нысандары мен өкілдері таныстырылмақ.

Шараның келесі күні аймақтардағы ағайынның ахуалына бағытталып, сонан соң еліміздің инфрақұрылым нысандарына шолу жасалады. Келесі күні инновация, өнеркәсіп пен қуат тимділігі қамтылмақ. Ал соңғы күндерінде инновациялық жобалар талқыланып, еліміздің Инновациялар және жаңа технологиялар министрлігінің ашық есік күндері өтеді.

Айта кетейік, «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасының діттегені – ел экономикасын әртараптандыру, тезірек түрлендіру болып табылады. Бағдарлама ел үмітін ақтап келеді. 2015 жылға дейінгі елдің үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы бойынша ірі ауқымдағы мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарламаның мақсаты ― жаңа тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайда Қазақстанның индустриалдық әлеуетін жаңғырту, отандық кәсіпорындардың ішкі және әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетті ұстанымын нығайту. Үдемелі индустриаландыру бағдарламасы көпшілікке белгілі бірқатар салалық және функционалдық бағдарламалардың негізін құрайды. Олар республикалық және аймақтық Индустриаландыру картасына енген нақты басымдықтар мен нысандарды біріктіреді. Әсіресе, экономиканың басым бағыттары, ірі бизнес пен шағын және орта кәсіпкерлік басты назарға алынбақ. «Самұрық-Қазынаның» алға қойған негізгі міндеті отандық бизнеспен біріге отырып, өзінің Даму институттары арқылы Индустрияландыру картасына кірген инвестициялық жобаларды іске асыру болып табылады.

 

Ал осы кезде…

Өзгерістер мекені біздің облыс бұл бағдарламаны іске асыруда да оқ бойы озып шықты. Бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар нәтижесiнде біздің облыс республика деңгейiнде картаға енген инвестициялық жобалар саны бойынша 1-орыннан табылды.

«Оңтүстік құс» ЖШС
«Оңтүстік құс» ЖШС
«Рауан» зауыты
«Рауан» зауыты

 

«Балмұздақ» ЖШС
«Балмұздақ» ЖШС

Мұнда 2010-2014 жылдар аралығында 79 инвестициялық жоба iске асырылып, 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл үшiн жалпы көлемi 349,3 млрд теңгені құрайтын инвестиция тартылмақ. Яғни, оңтүстіктің халқы ұлттық құндылықтар мен мәдениеттің, салт-дәстүрлердің ғана қайнар көзі болып отырған жоқ, сонымен қатар еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қайта жаңғыруына да соны серпін қосып, сенімді діңгек болып отыр. Бағдарлама аясында қолға алынған «Оңтүстік құс» ЖШС, алкагольсіз сусындар мен шырындар, сүт өнімдерін өндіретін «Рауан» зауыты, «Балмұздақ» ЖШС зауытының модернизациялау жобасы сияқты игі бастамалардың шарапатын бүгінде өңір ғана емес, бүкіл ел жұртшылығы көріп отыр.