12 миллион теңгені «жеп қойған» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғалды

"Қайтпастағы" газ құбырын жүргізу жұмыстарына мемлекеттен 365 млн. теңге бөлінген болатын
"Қайтпастағы" газ құбырын жүргізу жұмыстарына мемлекеттен 365 млн. теңге бөлінген болатын
«Қайтпастағы» газ құбырын жүргізу жұмыстарына мемлекеттен 365 млн. теңге бөлінген болатын

Қайтпас-1 шағынауданы бойынша газ құбырын жүргізуді міндетіне алған «Trial Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы да сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыпталып отыр.

Серіктестік басшылығы құрылыс-монтаждау жұмыстарын бітпесе де, істің 100 пайыз орындалғаны туралы есеп берген. Сондай-ақ, көлемді түрде мемлекет қаржысын қымқырған.

Жалпы, жыл басынан бері облыс бойынша мемлекет қаржысына көз салған 32 мекемеге қылмыстық іс қозғалыпты. Оның төртеуі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер.

Өткен алты ай бойынша мемлекетке 21 млн. теңге шығын келген.

Анель МАТИЕВА, облыстық қаржы полициясының баспасөз хатшысы: «Trial Group ЖШС-нің басшыларына қатысты мемлекеттік бюджетті иемденіп және талан-таражға салды деген дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Олар 2012 жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласының Қайтпас-1 шағынауданын газбен қамтамасыз ету жұмыстарын толық орындамауына қарамастан №2 формалы акітелеріне қол қойып, мемлекеттің 12 млн. теңгеге жуық ақшасын талан-таражға салғаны анықталып отыр. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде».