«Еламед» сату ауқымын кеңейтті

Төрт күннің ішінде сатып алынған тауарлар 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
Төрт күннің ішінде сатып алынған тауарлар 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
Төрт күннің ішінде сатып алынған тауарлар 20 пайыз жеңілдікпен сатылады

«Еламед» медицина құрылғыларын шығару зауыты сату ауқымын кеңейтті. Қаламыздағы «Зерде» дәріханасынан аталған медициналық құрылғыларды өндірушінің бағасымен сатып алуға болады. Сан түрлі дерттің алдын алатын аспаптар осыған дейін тек «Медтехника» дәріханасында сатылатын.

Қала тұрғыны Александр Шулик дәріханаға таң сәріден келді. Айтуынша, 80-нің сеңгіріне шыққан оған қазір дәрі-дәрмек әсер етпейтін болған. Бірақ ақсақалдың көңілін мына құрылғы орнықтырды. Қолдану тәсілдерін көрсеткен маманның сөзінен аспаптың физиотерапевтік емнің орнын алмастыратынын түсінді. Құрылғыны ақсақал сатып алуға келісе кетті.

Александр Шулик, қала тұрғыны: «Аяғым мен мойын омыртқаларым шұрқырап ауырғанда жанымды қоярға жер таппай кетем. Бүгін маған 49 дертке шипа болатын «Алмаг-1″ аспабын ұсынды. Ұнап тұр. Бағасы да қалтама келетін сияқты. Сондықтан сатып аламын деп шештім. Дәрі-дәрмек бірер айда таусылса, бұл құрылғы 10 шақты жылға дейін қызмет етеді екен».

Бастан бақайшаққа дейін емдейтін құрылғыларды апта ішінде сатып алсаңыз қалтаңызға салмақ түспейді. Өйткені, шілденің 23-і мен 26-сы аралығында саудаланған құрылғылар зауыт бағасымен босатылмақ.

"Баян Сұлу" аялдамасының маңында
«Баян Сұлу» аялдамасының маңында

Наталья Корабельникова,»Еламед» ЖШС-нің өкілі: «Құрылғылар жүйке жүйесінің ауруларын, асқазан-ішек жолдарын, жүрек аурулары секілді барша дерттің алдын алады. Осы тауарларды алу арқылы емханаларға жүгіріп, физиотерапияның ұзын-сонар кезегінде тұрмай-ақ, үй жағдайында қолдана аласыз. Сапалы емнің боларына біз кепілдік береміз».

«Еламед» зауытының өкілдері әрбір сатып алған тауарыңыз үшін екі жыл кепілдік беріп отыр. Құрылғыларды дәрігердің рұқсатынсыз ақ алуыңызға болады. Тұтынушыларына қолайлы болу үшін зауыт сату алаңын кеңейтті. Енді Баян Сұлу аялдамасындағы «Зерде» дәріханасынан да қажетті затыңызды таба аласыз.

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=g13rvZQCkkg[/youtube]