Электр жүйесін тартатын жаңа көліктер жеткізілді

259
«Казмашинери» ЖШС-і электр жүйесіне

Шымкенттіктер электр жүйесін тартатын заманауи техникалық көліктерге алғаш болып қол жеткізді. Әлі еш мемлекет атын да естімеген ресейлік техниканың бізге 3 түрлі үлгісі әкелініпті. Жерлестерімізге мұндай жаңа техниканы «Қазмашенери» ЖШС-і ұсынып отыр.

«Казмашинери» ЖШС-і  электр жүйесіне
«Казмашинери» ЖШС-і электр жүйесіне

Бұл құрал қарапайым бұрғыға ұқсағанымен, жерді терең бойлап қазу мүмкіндігіне ие. Бұдан бөлек, әмбебап техникалық көліктің электр жүйесін тартатын және бағананы оңай орнатуға арналған қызметі бар. Ілмекшелері 5 тоннаға дейінгі ауыр жүкті де місе тұтпайды. «Стройдормаш» компаниясы әрдайым озық технологияның көш басында. 

Павел Сабитов
Павел Сабитов

Павел Сабитов, «Стройдормаш» ААҚ -ның бөлім бастығы: «Біздің өнім сенімді әрі сапалы болуымен ерекшеленеді. Және тұтынушының бар сұранысына жауап береді. 3 қызмет түрін ұсынатын техника ауыр жүкті де беймарал көтеріп, жұмысты жеңілдетеді. Бүгін Шымқалаға келіп, таныстырып жатырмыз. Қазақстанда мұндай мүмкіндігі мол электр жүйесіне арналған көлік әлі жоқ».

«Қазмашинери» ЖШС-і электр жүйесіне арналған көліктерді бүгіннен бастап таныстырып жатыр. Сату алаңына да шығарды. Қызыушылық танытқандар аз емес. Бәрінен бұрын сапалы техниканың 1 жылдық кепілдік ұсынысы бар.

Мамыт Әлімов, «Шымкент-моторс» компания тобының төрағасы: «Бүгін тұтынушылардың көбісі қызығып, 3-4 компания бағаларды сұрап, шартқа отырып кетті. Құдай қаласа осы Шымкентте біраз фирмалар алатын шығар. Біз Шымкентте өкіл болғаннан кейін оларға біз кепіл береміз. Құрал -саймандар әкеп береміз. Өзімізде мамандар бар».

Әзірге шымкенттіктерге таныстырылған электр жүйесіне арналғал көліктерге қазақстанның өзге өңірлерімен қатар, Түркмения, Әзірбайжан, Белоруссия, Украина сынды елдердің сұраныс түскен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=z4hKGs0X44s[/youtube]