Кәсіпкерлердің саны артуда

319
Бастаушы кәсіпкерлер салтанатты түрде сертификат алды

Шымкенттегі кәсіпкерлердің саны артуда. Күні кеше «Кәсіперліктің жедел курсын» аяқтаған бастаушы бизнесмендер қолдарына сертификат алып, кәсіптен нәсіп айырудың қыр-сырымен танысты. Осылаша, «Даму» қоры жиырма жуық азаматқа қаржы әлеміне жол ашып берді.

семинар-тренинг
семинар-тренинг

Кәсіпкер боламын деген ниеттегі мына жандар екі күн бойы семинар-тренингтің оқушысы атанды. Мұнда алға қойған мақсатты қалай жүзеге асыруға болатынын үйреніп, мемлекеттік бағдарламалардың артықшылығымен танысты. Кәсіпкерге қажетті ақпаратты дербес іздеп табу және оны түсіну қиын болғанымен, «Даму» қоры қолдан келген кеңесін беруде, оларды оқытып, жан-жақты дайындауда барын салып келеді.

Майя Бердалиева, «Даму» қорының бас маманы:  «Бизнесті қалай ашу керек, қандай құжаттар тіркеп, қалай рәсімдеу қажет? Осы сұрақтар төңірегінде кеңес беріп, «Бизнестің жол картасы-2020″ бағдарламасы аясында түрлі семинарлар өткізіп тұрамыз. Семинарға жасын да, кәсірісін де ең бастысы кәсіпкер боламын деген ниеті бар бар азаматтарды қатыстырамыз».

Кәсіпкерлік -оңай шаруа емес. Тілін тауып, тұтынушыңызды ұстап қалсаңыз ғана тасыңыз өрге домалайды. Екі күн бойы бизнесті жүргізу психологиясының ерекшеліктерімен танысқан жиырма азамат арнайы сертификатқа ие болды.

Бастаушы кәсіпкерлер салтанатты түрде сертификат алды
Бастаушы кәсіпкерлер салтанатты түрде сертификат алды

Салтанат Кашенова, кәсіпкер: «Мемлекеттік бағдарламаларға сенбейтін едік. Жұрт айтса, күлетінбіз, өтірік дейтінбіз. Енді міне, өзіміздің көзіміз жетті. Осы бағдарламаның арқасында сауатымызды аштық».

Бұл Шымкентте өтіп жатқан үшінші семинар. Қор мамандарының айтуынша бір ғана оңтүстікте 70-ке жуық тренинг өткізіп, «Бизнес кеңесшісі» бағдарламасы аясында 2 мыңнан аса кәсіпкерді даярлап шығу көзделуде.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ataSaBv8g-E[/youtube]