Мереке қарсаңында үйлі болды

Елорданың 15 жылдық мерейтойына орай Нұрсәт шағынауданында 105 отбасына пәтер кілттері табыс етілді
Елорданың 15 жылдық мерейтойына орай Нұрсәт шағынауданында 105 отбасына пәтер кілттері табыс етілді
Елорданың 15 жылдық мерейтойына орай Нұрсәт шағынауданында 105 отбасына пәтер кілттері табыс етілді

Астана тойы қарсаңында шымкенттік-тер де қуанышқа кенелді. Елорданың 15 жылдық мерейтойына орай Нұрсәт шағынауданында 105 отбасына пәтер кілттері табыс етілді. Жаңа қоныс иелерінің арасында Ұлы  Отан, Ауған соғысының ардагерлері бар. Астананың мерекесіне орайластырылған салтанатты іс-шара көп жылдары кезекте тұрған жерлестерімізді қуантып тастады. Айта кетейік, бүгінде қалада мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалдамалы пәтер кезегінде 8 658 азамат тіркелген. Жергілікті атқарушы органдар алдағы уақытта олардың барлығы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдармаласы шеңберінде баспаналы болатынын айтады.

Мақпал РЫСБАЕВА