Өз апаларын өлтірген қаніпезер 23 жылға түрмеге қамалды

319
Облыстық сот

Шымкентте өзінің апасы мен әпкелерін айуандықпен өлтірген жас жігітке үкім оқылды. Енді қандықол қылмыскер 23 жыл өмірін қатаң режимдегі қапастың арғы жағында өткізетін болады.

Облыстық сот
Облыстық сот

 

«Үлкен апасы, яғни әкесінің анасы мен екі әпкесін пышақтап өлтіргені үшін 28 жастағы немерелері тиісті жазасын алды. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 96 және 175-баптарына сәйкес айыпталушы 23 жылға бас бостандығынан айрылу жазасына кесілді. Сотталушы жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейтін болады» дейді ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі соттың төрағасы міндетін атқарушы Әбинұр Қарабаев.

Айта кету керек, прокурор айыпталушыға өмір бойы абақтыға қамау жазасын беруді сұраған болатын. Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдық сәуір айында жас жігіт өзінің апасы мен екі әпкесін пышақтап өлтірген болатын. Криминалистер марқұмдардың денесінен 50-ден астам пышақ жарақатының орнын тапқан.