Отырарлықтар «Дельфинде» тынықты

Бұл да арнаның көңілді ұжымы
Кәсіби мерекені "Дельфинде" тойлау дәстүрге айналған
Кәсіби мерекені «Дельфинде» тойлау дәстүрге айналған

Ауыр жұмыстан соң, дұрыс тынығу да өнер. Отырар телеарнасының ұжымы кәсіби мерекесін салқын суда атап өтті. Арна ұжымына мұндай сыйды жасаған қаламыздағы «Дельфин» аквабағы. Суға шомып, күнге қыздырынған қандай екенін тілшіміхз айтып берсін.

«Отырар» телеарнасының ұжымы кәсіби мерекесін Дельфин аквабағында тойлауды ұйғарды. Бұл дегені- жұмыс туралы бір ауыз сөз айтылмайды. Күннің шуағына қыздырынып, суға шомған шығармашыл жандар бір сәтке болсын сергіп қалды.

Мұрат Байбосынов, «Дельфин» аквабағының директоры: «Дельфин» аквапаркі ұжымы «Отырар» ТВ ұжымын өткен журналистер мерекесімен құттықтайды. Сіздерге творчестволық табыс және көрермендеріңіздің аудиториясы көбейе беруіне тілектеспіз. Барлықтарыңызды біздің «Дельфин» аквапаркіне келіп, уақытты жақсы өткізуге шақырамыз».

«Дельфин»аквабағы осылайша отырарлықтардың басын бейресми жағдайда қосты. Телеарна қызметкерлері бұл күні туған-туыстарын да ала келіп, әріптестерімен де көңіл көтерді???. Бауырларын да риза етті.

Мейірбек Төлебай, «Отырар» телеарнасының телеоператоры: «Мынадай күннің ыстығында суға түсіп, шомылғың келеді. Ұйымдастырушыларға рахмет. Жақсы демалыс болып жатыр».

Данияр Құдайбергено, «Отырар» телеарнасының тілшісі: «Демалыс жақсы өтіп жатыр. Өткен демалыс күндерінде күн бұлтты болғасын бұл жолы да суға шомылуға келе алмаймыз ба деп ойлап едім. Жоқ. Қуанышқа орай, күн де шуағын төгіп тұр. Су да жаныма жағып барады. Қызмет көрсету де керемет. Сондықтан мұнда күнде келсеңіз де өкінбейсіз».

«Дельфин» аквабағы қонақтарына дастархан да жайып, дәм татырды. Жанды әуен аясында тыныққан біздің қызметкерлер күн қарайғанша суға түсіп, тынықты.

Николай ИВАНОВ, "Отырар" телеарнасының телеоператоры
Николай ИВАНОВ, «Отырар» телеарнасының телеоператоры
Телеарна қызметкерлері ұл-қыздарын да суға шомдырып, мәз етті
Телеарна қызметкерлері ұл-қыздарын да суға шомдырып, мәз етті
Сарбиназ АЛДАБЕРГЕНОВА, "Отырар" телеарнасындағы спорт жаңалықтарының тілшісі
Сарбиназ АЛДАБЕРГЕНОВА, «Отырар» телеарнасындағы спорт жаңалықтарының тілшісі
Бұл азаматтар телеарнаның бейнеинженерлері мен үйлестірушілері
Бұл азаматтар телеарнаның бейнеинженерлері мен үйлестірушілері
Арнамыздың тағы бір телеоператоры Мейірбек ТӨЛЕБАЙ суға секіру үстінде
Арнамыздың тағы бір бейнеинженері Константин ГАВШЕВ суға секіру үстінде
Жүргізушіміз Алик ағай мен тілшіміз Данияр ағайлар
Жүргізушіміз Алик ағай мен тілшіміз Данияр ағайлар
Бұл да арнаның көңілді ұжымы
Бұл да арнаның көңілді ұжымы. Жалпы «Отырарлықтар» үшін кәсіби мерекені «Дельфинде» атап өту дәстүрге айналған
Ата-анасымен келген балғындар бұл күні құмары қанғанша суда шомылды
Ата-анасымен келген балғындар бұл күні құмары қанғанша суда шомылды
Олар келер жылы да осы аквабаққа міндетті түрде келуге уәде етті
Олар келер жылы да осы аквабаққа міндетті түрде келуге уәде етті

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=YdRYEcuWnUg[/youtube]