Құмға сіңген су үшін ақы төлеп жүр

Құбыры жарылған су жәшігі Д.Үрпеков көшесінде екеу
Құбыры жарылған су жәшігі Д.Үрпеков көшесінде екеу
Құбыры жарылған су жәшігі Д.Үрпеков көшесінде екеу

Самал-3 шағынауданының тұрғындары құмға сіңген су үшін шығындалып жатыр. Олар орнатылғанына көп бола қоймаған құбырдың жарығынан кеткен су үшін бір жылдан бері ақша төлеп келеді.

«Дәнек Үрпеков» көшесіндегі жарылған құбыр бір бұл емес. Осындағы тағы бір су жәшігінен ылғал атқылап жатыр. Ал, құмға сіңген судың ақшасын осындағы 30 отбасы бөліп төлеуге мәжбүр.

Задагүл Бижанова, тұрғын: «800 теңгенің орнына мен 2500 теңге төледім. Сонда мен 1800 теңгені кімге төлеп жатырмын?! Анау су. Анандай атқылап ағып тұр. Көшеге кеткен суға біз неге төлеуіміз керек?!».

Құмға сіңген суда ешкімнің шаруасы жоқ. Өйткені, бұл су жәшіктерін тұрғындар жеке кәсіпкерлер арқылы тартқызған. Яғни, үкіметтің балансында емес. Сондықтан тұрғындар бас есептегіштен өткен су үшін толық төлеуге тиісті, – дейді «Су арнасы-маркетинг» мекемесінің өкілдері.

Қошқар Қасанов, учаске инженері: «Водоканалмен ешқандай договор жоқ. Біз әлі қабылдаған емеспіз. Нұржан бәрі кезінде адамдармен договорға тұрғызып бұларды, 70-80 мыңнан өздері ақша төлеген. Частная собственность. Водомерге, бәріне өздері жауап береді. Трасса бәрі частниктікі. Біз тек қана ішіндегі ішкен суды беріп жатырмыз. Соған ғана жауап береміз».

Өкінішке орай, жарылған су құбырын ешқандай құзырлы орын жөндеп бермейді
Өкінішке орай, жарылған су құбырын ешқандай құзырлы орын жөндеп бермейді

Ал 4 жыл бұрын Самал-3-ке су тартқызған азамат болса, өз ісінің заңды екенін айтады. Өйткені, бастапқы келісімде құбырдағы кілтипанға кететін шығынды тұрғындар ортақтасып төлеуге келісімін берген.

Нұржан Зауырбеков, жеке сектордың ұйымдастырушысы: «Магистральді көшеде құбыр жарылғанын бәрі растайды. Соны төлесе болды. Мұнан кейін жарылмаса төлемейді».

«Самал-3» шағынауданына мемлекет есебінен су құбыры жүргізілген. Бірақ, оған әзірге ешкім қосылмапты. Ол үшін теңге сұрайды дейді тағы да. Қара халық үкіметтің қара суынан қанып ішу үшін, алдымен құмға сіңген судан келген шығынның қарызынан құтылып алуы керек.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=D3zJ16YenQc[/youtube]