Өз ата-анасын балталаған қаніпезер

302
Фотосурет ғаламтордан алынды

Сұмдық! Шымкентте 22 жасар жігіт өзінің ата-анасын балталап тастады. Бұл қанды оқиға қаладағы «Қайтпас-1» шағынауданында орын алды. Өз үйінде қан-жоса болып жатқан ерлі -зайыптыларды көршілері көрген. Сөйтіп, полицияға хабар береді. Суыт хабар бойынша шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізген полицейлер күдіктіні сол күні-ақ «Нұрсәт» шағынауданында қолға түсірді. Ол – марқұмдардың кенже ұлы болып шыққан. Айтуынша, ата-анасының ағасына жиі ұрысатынына шыдай алмапты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=381Abxs1Tq0[/youtube]

Айта кету керек, күдікті киімін ауыстырып, қашып кетпек те болыпты. Ол бұған дейін кісі тонағаны үшін сотты болған. Дегенмен, сонда да болса полицейлер қылмыстың аса ауыр екенін ескеріп, психикалық сараптама тағайындады. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.

Фотосурет ғаламтордан алынды
Фотосурет ғаламтордан алынды