Мейірбике болу үшін ақша керек

Қоғамдық қабылдауға 14 азамат қатысты
Қоғамдық қабылдауға 14 азамат қатысты
Қоғамдық қабылдауға 14 азамат қатысты

Мейірбике боп жұмысқа орналасу үшін біліктілік емес, алдымен бума-бума ақша керек. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына келген азаматтар билік партиясына осылай деп арызданды. Әлеуметтік мәселелер тақырыбына арналған жиында бүгін жұмысқа орналаса алмай жүрген азаматтар мен еңбекақысын даулай алмай жүрген жандардың қатары басым болды. Бүгінгі ашық қабылдау облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаевтың төрағалығымен жүргізілді.

Айжан Бердібекованың жұмыс іздеп, табанынан тозғанына 2 жылдан асыпты. Бірақ, қайда барса да «Қорқыттың көрі», ақша сұрайды дейді. Білікті мейірбике, жұмысқа орналасу үшін» сұрағанды» беруге де даяр. Бірақ, кедей жомарттың қолы қысқа.

Айжан Бердібекова
Айжан Бердібекова

Айжан Бердібекова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Документім, жұмысқа қабылдау үшін бәрі түгел, дайын. Түгел документіңіз деді. Ал бірақ ақшаға келгенде қысылдым. Даже кредит алмақ болдым. Әке-шешемнің тұрған үйін залогқа қояйын деп едим. Болмады. Әйтпесе кіріп кетер ем.  380 мың теңге керек деді жұмысқа кіру үшін. Сарыағашқа да бардым, Абайға да бардым. Арысқа да бардым. Даже районға да бардым. Ол жақта да осындай. Ешқандай орын жоқ. Ақша жоқ болса, орын жоқ. Ақшаңыз түгел болса, орын бар кіргізіп берем дейді».

Бұл күні арыз-шағымның басым бөлігі медицина саласына қатысты болды. Бірі, талай айғы еңбекақысын даулап келсе, енді бірі сол ақ желеңдінің біліксіздігінен туысының өлім құшқанына арызданды. Ал, кезінде денсаулық сақтау саласында біраз қызметк еткеннің бірі біраз былықты жайып салды.

Айтылған арыз-шағымдарды сала мамандары заң аясында шешуге уәде берді. Облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев келіп түскен арыз-шағымдардың 80 пайызы тез арада шешуге болатын жәйттер екенін жеткізді.

Материал дайындалып жатқанда жұмысқа орналасу мәселесімен шағымданған Айжан Бердібекованы денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұмыспен қамтығанын естідік. Осылайша, әлеуметтік мәселе бойынша қоғамдық қабылдауға бұл күні 14 азамат келді. Келесі жұма коммуналдық проблемар тақырыбына арналады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=U8X5AKGw3Q8[/youtube]