Монополист компанияға тұтынушылары өкпелі

Осы жұмада өтетін қоғамдық қабылдау құқыққорғау тақырыбына арналады
Осы жұмада өтетін қоғамдық қабылдау құқыққорғау тақырыбына арналады
Осы жұмада өтетін қоғамдық қабылдау құқыққорғау тақырыбына арналады

«ҚазТрансГазАймақ» Акционерлік Қоғамына тұтынушыларының өкпесі қара қазандай. Газ құбырларын жүргізуде компания басшылығы заңбұзушылықтарға жол беріп жатыр. Шыдамы таусылған тұрғындар Билік партиясынан пана іздеді.

Нышангүл Мұсақова, «Самал-3» шағынауданының көше төрайымы: «Халықтың қолына бермейді. Тек өзіміз ғана істейміз дейді. Одан кейін котел пеш сатады. Соны алсаң ғана береді. Мен өзім бесеуін алдым бар ғой, сапасы жоқ болса да, амал жоқ тех.условия алу үшін. Техусловияны бермейді. Олардың ценасы 38-40 метр трубаға 138-140 мың теңге төлейді. Внутриға. Анау үкімет модернизация жүргізіп қойды ғой. Подземныйға. Соны үйге кіргізу 138 мың. Ал подрядчиктер оны 60 мыңнан кіргізіп жатыр. Ол устраивать етіп жатыр».

Бұл «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-на тұтынушыларының өкпесі. Айтуларынша, монополист компания дегенін жасап, қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарсаның керін танытып жатыр.

Олар осы базынасымен Билік партиясына үшінші рет келді. Пайда не, негізгі жауапкердің өзі қоғамдық қабылдауда тағы жоқ.

Нұрлан Жаманкөз, Шымкент қалалық ТҮКШ сектор меңгерушісі: «Әр арыз-шағым қараусыз қалмайды. Толық зерттейміз. Басына шығамыз. ҚазТрансГазға хатпен шығамыз керек болса. Басына шығып, әр арыз-шағым бойынша тұрғындардың жауап берілетін болады. Заң бойынша біз тексере алмаймыз. Ол жеке кәсіпкер болғандықтан ол заңға жатпайды. Ол құзырлы орындардың ісі. Егер құқықтары тапталып жатса, полицияға болады шағымдануға тұрғындардың. Прокуратураға, финполицияға. Осындай біздің құқығымыз тапталды деп».

Ал «Нұр Отан» партиясының өкілдері мәселені облыс әкіміне хатпен шығу арқылы шешуді ұйғарды. Жалпы, көгілдір отын тақырыбына арналған қоғамдық қабылдауға бұл күні 9 азамат қатысты.