Оңтүстіктің үш тұрғыны жолдасын зорлап, өлтірген

Оңтүстіктің үш тұрғыны өз жолдастарына зорлық көрсетіп, оны ажал құштырды
Оңтүстіктің үш тұрғыны өз жолдастарына зорлық көрсетіп, оны ажал құштырды
Оңтүстіктің үш тұрғыны өз жолдастарына зорлық көрсетіп, оны ажал құштырды

Оңтүстік Қазақстан облысында адам зорлауға және оның өліміне қатысы бар деген айыппен үш азамат қолға түсті. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» хабарлады.

Мақтарал ауданының прокуроры Нұржан Боранбаевтың мәлімдеуінше мәйіт Жетісай қаласының маңынан шілде айының ортаында табылған.

Бірнеше күн өткен соң полиция қызметкерлері күдіктілерді құрықтады. Олардың екеуі жергілікті базарда жұмыс жасаған. Тергеу барысында анықталғаны, екі азамат қала ішінде қыдырып жүріп өздерінің ескі танысын және оның досын кездестіреді.

Тентек судан ұрттап алған азаматтар жаңа қосылған таныстарында 30 мың теңге бар екенін біледі. Қала сыртына шығып қайтуды ұсынған олар көп ұзамай оны тонап, қорлық көрсетіп, соңынан өлтірген.

Күдіктілерге қатысты «Зорлық», «Кісі өлтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қазір уақытша тергеу абақтысында қамауда.