Úı ANONS Шымкентте жаппай төбелес кісі өлімімен аяқталды

Шымкентте жаппай төбелес кісі өлімімен аяқталды

видеодан кадр

 

Шымкентте П.Ерімбетов пен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы төбелеске ұласып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды OTYRAR.

Алдын ала мәліметтер бойынша, екі көлік соқтығысқаннан кейін, үшінші көлікпен келген тағы бірнеше адам жанжалға қосылды. Төбелес кезінде бірнеше адам пышақталған. Жарақат алғандардың екеуі ауруханаға жатқызылды. Бір адам қайтыс болды. Шымкент полиция департаменті мұны растады.

«20 қаңтарда П.Ерімбетов пен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында жүргізушілер мен жолаушылар арасында қақтығыс туындап, нәтижесінде пышақ жарақаттарын алған. Зардап шеккендердің бірі, 40 жастағы қала тұрғыны, қайтыс болды. «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды».

Қазіргі уақытта Шымкент полиция департаменті күдіктілердің жеке басын және қайда екенін анықтауда. Тергеу шаралары жүргізілуде.