ОҚО кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасына жаңа басшы келді

655
Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев
Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев
Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев

Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы болып Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабы 1-тармағы негізінде, ауысу тәртібімен 2013 жылғы 14 тамыздан бастап, бірінші қол қою құқығымен, Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ә.Ш.Өсербаев 1961 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-химик-технолог. Еңбек жолын 1983 жылы Қарағанды асбест-цемент өнімдерін шығаратын зауытының машинисті болып бастаған.

1986-2013 жылдары Түркістан қаласы құрылыс детальдары мен конструкциялары комбинаты зертханасының инженері, мастері, экономисті, цех бастығы, бас инженері, Түркістан қаласы рудасыз материалдар комбинатының директоры, Түркістан қалалық мәслихаты хатшысының міндетін уақытша атқарушы, Түркістан қаласы құрылыс бөлімінің меңгерушісі, Кентау, Түркістан қалалары әкімдерінің орынбасары, Түркістан қаласының әкімі, орынбасары қызметтерін атқарған.