Оңтүстіктің әрбір ауылында әжелер алқасы құрылмақ

462
Алдымен, ардагерлерге тағзым етілді

Әжелер алқасы ұлт тәрбиесімен, қыз баланың ғана емес, ұлдың тәрбиесіне баса назар аударуы керек. Облыстық ардагерлер кеңесінің Кентау қаласында өткен семинарында осылай делінді.

Қаратаудың тәжі атанған қалада ардагерлер бас  қосты
Қаратаудың тәжі атанған қалада ардагерлер бас қосты
Алдымен, ардагерлерге тағзым етілді
Алдымен, ардагерлерге тағзым етілді

«Әжелер алқаларының алғашқы қадамдары мен алдағы міндеттері» тақырыбында өткен жиынға облыстағы барлық әжелер алқасының құрамы түгел қатысты. Құрылғанына аз ғана уақыт өтсе де, елді мекендерде ұлт ертеңінің тұтқасын тәрбеиелеуде басты міндеттерді анықтап қана қоймай, әжелер алқалары бірқатар шараларды ұйымдастыра білді.

Кентау қаласына жиналған аға буын мен жастар жағы қауқылдасып, алдымен ардагрлерге тағзым етті. Қаратау тәжі атанған қаладағы ардагерлер кеңесі мен әжелер алқасының жұмысымен танысты. Бір- бірімен осылайша тәжірбие алмаспаққа ниет еткендер отбасылық құндылықты облыстық семинарға арқау етті.

Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы: «Біздің негізгі мақсатымыз, қоғамды ауызбірлікке, ынтымаққа үндеу. Жастардың тәрбиесі, отбасылық құндылықтар басты орында. Ұл мен қызға деген тәрбие, әжелердің тәрбиедегі ролі… т.б. Тағы екінші жағынан, ардагерлер кеңесінің барлық аудан қаладағы өкілдіктерінің жұмысымен танысу, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындық барысы талқыланды».

Оңтүстіктің бар ауданында әжелер алқасы жұмыс істей бастаған. Бүгінгі жиын әжелер алдындағы міндеттерді айқындап қана қоймай, әке мен ана, келіннің отбасындағы орны жайында ой қозғады. Сананы тұрмыс билеп бара жатқан мына заманда әжелер алқасы керек десті олар.

Жаңылай Зияшқызы, Шардара аудандық әжелер алқасы төрайымының орынбасары: «Біздің ауданда бұрыннан «Әжелер» ансамлі жұмыс жасайтын. Біз тек ән шырқап қана қоймай, жастардың тәрбиесіне де баса назар аударамыз. Жүрген жерімізде салт дәстүрімізді насихаттаймыз. «Құрсақшашар», «Тірашар», «Тоқымқағар» сынды ұлттық құндылықтарды дәріптейміз. Енді биыл Шардарада да әжелер алқасы құрылды. Жоспар бекітілід, әжелер алқасының құрамы айқындалды. Жұмыс көп, міндет пен мақсат та белгілі».

Отбасындағы әжелер роліне назар аударып, ата мен әже тағылымын тереңдету, тәліміне тәнті ету де Кентауда бас қосқан  көпшіліктің талқысына түскен тақырып болды. Кейінгі кездері етек алып бара жатқан «әдеттер» де айтылды онда.

Мархабат Байғұт, жазушы:» Тәрбиенің көзі- көркем әдебиетте. Біз кітап оқығанды қойдық. Жаппай сериаломания деген дерт дендеп барады. Бүкіл отбасымызбен, ата-апасы бар, келін баласы бар, немерелермен жапырылып теледидар алдында сериал көрмекке телміретін болдық. Кітап оқыңыздар, әжелер. Мұхтардың «Абай жолын», Мағжанның «Ұлпанын» оқыңыздар апалар. Күн сайын 15-ақ минутыңыз кетер кітап оқуға. Балаларды да кітапты сүюге баулыңыздар.»

ақ жаулықты аналар ұрпақ тәрбиесіне алаңдаулы
ақ жаулықты аналар ұрпақ тәрбиесіне алаңдаулы

Жиын соңында Кентаудың үлгілі анасы мен әкесіне, инабатты келініне сый құрмет көрсетілді. Айта өту керек, келесі әжелер алқасының басқосуы Мақтарал ауданында өткізілетін боп келісілді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=85AJU4UpkB0[/youtube]