«Қасірет» мемориалы аумағындағы құрғақ шөп өртеніп кетті. Суыт хабар өрт сөндіру бөліміне сағат 13:40-та жеткен. Онда Бәйдібек көшесі бойында өрт болып жатқаны жөнінде хабар келіп түскен. Оқиға орнына 4 өрт сөндіруші экипажы жөнелтіліпті.
Өрт сөндірушілердің жеделдеткен жұмысына қарамастан тілсіз жау біраз жерді жалмап үлгерген. Үш сағатқа созылған арпалыстан кейін, басты-басты өрт ошағы сөндірілді. Қызыл жалын жалмаған аумақ көлемі 10 гектарды құрап отыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-rVxOtSdO8I[/youtube]