Созақта жылыжайлар көбейіп келеді

413
кәсіпкер жылыжайын көтеру үшін мемлекеттен қаржы алған қарызға

Елімізде жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы – кәсібінің жемісін көрем деген азаматтарға үлкен демеу беруде. Осылайша мемлекеттің қамқорлығын тиімді пайдалана отырып, шаруаны өрге домалатудың зор мүмкіндігі туып отыр. Созақ ауданы Шолаққорған ауылының тұрғыны Роллан Амантайұлы осы бір мүмкіндікті қалт жібермеді. Шағын несие алып, жылыжай салып еңбек етіп келеді.

жылыжай
жылыжай

Бүгінде ауласынан аумағы 3 соттық жерге жылыжай салған Роллан 900 түп қызанақ пен 100 түп қияр екті. Кәсібін бастау үшін «Ырыс» микрокредиттік ұйымынан екі миллион сегіз жүз мың теңге несие алды. Жеке кәсібін үйде отырып-ақ, өрге домалату арқылы ауылдың өркендеуіне өз үлесін қосып отыр.

Роллан Амантайұлы, кәсіпкер: «Өзіміз тұрып жатқан тамды кепілдікке қойып, өкіметтен 2 млн. 800 мын теңге несие алып, Шымкенттегі «Зеромакс» деген компаниямен келісім шартка отырып, ұзындығы 20 метр, ені 15 метр, аумағы 3 соттық жерге тамшылатып суару және жылыту жүйесін қосып беріп кетті. Бастадық. Жақсы өнім беріп жатса үлкен аумаққа салу ойымызда бар».

кәсіпкер жылыжайын көтеру үшін мемлекеттен қаржы алған қарызға
кәсіпкер жылыжайын көтеру үшін мемлекеттен қаржы алған қарызға

Кәсіпкер еккен егісінің пісіп жетілуге дейінгі кезеңдерді есептеп, біліп отыр. Созақ аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығы осы жәйттерді оқытқан. Өйткені, мемлекеттен көрсетіліп жатқан қолдаулар жеткілікті.

Ғани Пардабекұлы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Созақ ауданындағы өкілдігінің басшысы: «Тұрғындарға айтып жатырмыз, несие алам, жылыжай салам деп жатса, міндетті түрде кепілдік қажет. Құжаттары заңдастырылған болу қажет. Заңдастыруға көмектесеміз. 25 адам несие алды. Қазіргі таңда 10 адамның құжаты микро кредиттік ұйымдарда қаралып жатыр».

Екі қолға бір күрек таппағандардың осы уақыттан бастап, кәсіпке бет бұруына әлі де кеш емес. Кәсібін ашып күн көрісін жақсартамын дегендерге қаржылай қолдау жағы қарастырылған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=N7yq3ZNq_3w[/youtube]