Жол апатынан зардап шеккен 9 адамның бірі қайтыс болды

233
Көліктің тас-талқаны шықты

Бүгін белгілі болған ақпарат. Кешегі жол апатынан зардап шеккендерді бірі ауруханада көз жұмды. Бұл туралы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байбосынов тілшілерімізге хабарлады.

Көліктің тас-талқаны шықты
Көліктердің тас-талқаны шықты

Еске сала кетейік, ірі жол апаты Шымкенттегі Бәйдібек би даңғылының бойында орын алған болатын. Тұлпар көлінің маңында Опель және Тойота көліктері соғысып қалып, салдарынан 9 бірдей адам жарақат алған. Олардың барлығы да жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Сонымен, қазір расталғандай, 59 жастағы әйел кісі есін жимаған күйі мерт болды. Қалған науқастар ауыр халде ауруханада жатыр.