Өз үйінде құлап қалған әжей құтқарылды

198
Шұғыл түсірілім

Шымкентте бір әжей өз үйінде қамалып қалды. Бұл оқиға Толстой көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Осындағы пәтерде тұратын жалғызілікті қария көршілеріне есік ұрғанына жауап қатпай қойыпты.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Мазасызданған әжейдің қызы үйге қоңырау шалғанымен, оған да ешкім жауап қатпаған. Қауіптенген азаматша дереу құтқарушыларға хабар береді. Оқиға орнына облыстық төтенше жағдай департаментіне қарасты шұғыл-құтқару тобының мамандары жетті. Олар қарияның қызының рұқсатымен пәтердің есігін бұзып, ашады. Барлығы ішкі кіргенде қарт кісі еденде жатқан болатын. Ең бастысы – ол аман.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=yyjjtsnoPds[/youtube]

Құтқарушылар құлап қалған әжейді көтеріп, орындыққа отырғызды. Оларыдң қасында құрақ ұшып қарттың қызы жүр. Анық болғандай, әжей аяғын бұрыннан сылтып басатын көрінеді. Сол күні ас бөлмесіне кетіп бара жатқанда қолындағы таяғы тайып кетіп, өзі еденге құлаған. Содан не есікке, не телефонға жете алмай, жатып қалыпты. Абырой болғанда, барлығы сәтті аяқталды.